<p>Тәуліктік лимитпаа</p>

Тәуліктік лимитпаа

Мобильді қосымша: Тәулігіне бір операция үшін 2 000 000 теңге 

Банк бөлімшесі: шектеу жоқ

<p>Аударым тәсілі</p>

Аударым тәсілі

Мобильді қосымшада немесе банк бөлімшесінде

<p style="text-align: left;">Комиссия</p>

Комиссия

Мобильді қосымша: Аударым үшін 250 теңге

Банк бөлімшесі: 0,1% (мин. 299 теңге, макс. 3 000 теңге)

<p>«Жедел аударым»</p>

«Жедел аударым»

Қажет болған жағдайда, ақшаны алушыға 1 сағат ішінде жеткізілетін жедел аударымды таңдауға болады. 

Комиссия — 1 000 теңге

Аударымды қалай жасайды?

Сұрақтар және жауаптар

Аударым жасау үшін қандай деректер қажет?

Аударым жасамас бұрын алушының мынадай деректемелерін дайындаңыз: 

  • аты-жөні немесе ұйымның атауы 
  • ЖСН/БСН 
  • банктік шот нөмірі (IBAN)
  • ТМК 
  • БЕК
ТМК деген не?

ТМК (төлем мақсатының коды) – аударымның мақсатын көрсететін код. 

Мынадай ТМК мәндері жиірек қолданылады: 

  • 119 Өтеусіз аударым (мысалы, туыстарға немесе таныстарға ақша аудару) 
  • 710 Тауарлар үшін төлемдер


Егер сіз қандай ТМК көрсету керектігін білмесеңіз, банк бөлімшесіне немесе 7474 нөміріне хабарласа аласыз

БЕК деген не?

БЕК (Бенефициар коды) ақша алушының санатын анықтайды. 

Жеке тұлғаларға аударым жасаған кезде мынадай мәндер пайдаланылады: 

  • 19 — алушы Қазақстан Республикасының резиденті; 
  • 29 — алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті


Егер алушы заңды тұлға болса, алушы-ұйымнан БЕК кодын нақтылау қажет

Аударымды қалай жіберуге болады?
  • KMF Bank мобильді қосымшасын ашыңыз
  • «Аударымдар» бөліміне өтіңіз
  • «Шот нөмірі бойынша (IBAN)» тармағын таңдаңыз
  • «ҚР-ның басқа банкіне» тармағын таңдаңыз
  • Ақшаны алушының шот нөмірін (IBAN) енгізіңіз
  • Ақшаны алушының ЖСН/БСН-ін енгізіңіз
  • ТМК-ны таңдаңыз
  • БеК-ті таңдаңыз
  • Аударым сомасын енгізіңіз
  • Енгізілген деректерді тексеріп, аударымды растаңыз
Аударымдар қанша уақытта түседі?

Шот нөмірі (IBAN) бойынша алушыға бір жұмыс күні ішінде түседі. 

  • Жедел аударым опциясын таңдаған кезде алушы ақша қаражатын бір сағат ішінде алады
Аударым үшін комиссия қандай?

Аударым тарифтерімен Сіз сілтеме бойынша таныса аласыз

Аударымды қалай алады?

Аударымды алу үшін өзіңіздің банк деректемелеріңізді жіберушіге хабарлауыңыз қажет.

Деректемелерді қарау үшін:

  • KMF Bank мобильді қосымшасын ашыңыз. •«Жеке банк» бөліміне өтіңіз.
  • Қажетті шотты таңдаңыз.
  • «Деректемелер» басыңыз.
  • Қажет болса деректемелерді WhatsApp, Telegram арқылы жіберу үшін «Бөлісу» батырмасын пайдаланыңыз
Егер аударым деректемелері дұрыс көрсетілмесе, не істеу керек?

Егер аударым жіберілген болса, KMF Банктің жақын жердегі бөлімшесіне тезірек хабарласып, өтініш жазу керек. Банк алушының банкіне ақша қаражатын қайтару туралы ресми сауал жолдайды. 


Маңызды! Ақша қаражатын қайтару алушының келісімімен ғана жүзеге асырылады. Егер алушы ақшаны қайтарудан бас тартса немесе банктің сұрауына жауап бермесе, қайтару мәселесі тек сот тәртібімен шешіле алады.