• KMF
  • Новости
  • KMF Risk Challenge Micro 2017 конференциясына қатысты.

KMF Risk Challenge Micro 2017 конференциясына қатысты.

24.04.2017
Алматыда  2017 жылдың  21 сәуірінде  Бірінші кредиттік бюро өткізген  Risk Challenge Micro  2017  жыл сайынғы  конференциясы өтті. «САНДЫҚ ҚАЗАҚСТАН. МИКРОҚАРЖЫЛАНДЫРУ»  атты конференцияда нарықтағы кәсіби қатысушылар, қаржыгерлер, қаржы нарығының  сарапшылары, Қазақстанның FinTech қауымдастығының өкілдері қатысты.  

Risk Challenge  дегеніміз  -  қаржы нарығындағы кәсіби қатысушыларға арналған жыл сайынғы мамандандырылған шаралардың сериясы.   Конференцияның ұйымдастырушысы  және Risk Challenge брендінің иегері  -  Бірінші кредиттік бюро. БКБ Конференциялары мен басқа да шаралары   тәуекел-менеджменттің бизнестің, технологиялардың, сонымен қатар, басқа да қаржылық жаңашылдықтардың негізгі мәселелерін талқылау үшін   қаржы нарығының 200 астам өкілдері мен сарапшыларының басын қосты. 2016 жылдан бастап, Бірінші кредиттік бюрода  ағымдағы жылдың басында жыл сайынғы Президент Үндеуінде аталған, микроқаржылық ұйымдар нарығымен  арнайы жұмыс жүргізуге бағытталған Risk Challenge Micro  шараларының  жекелеген суббренді   болып анықталды.

 Конференция шеңберінде  екі секцияның жұмысы ұйымдастырылған:   МҚҰ секциясы мен  FinTech секциясы.  Сессияда қаржы секторының,  инновация мен технологияның,  жаңа маркетингтік  және бизнес мүмкіндіктер, сонымен қатар кредиттік тәуекелді  төмендету жөніндегі  жаңа құралдар. 

KMF-тің Басқарма Төрағасының орынбасары Райханова Қарлығаш Тілекқызы  таныстырылым жасап,  Қазақстандағы микроқаржы нарығындағы  20-жылдық тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар,  қарыз алушыларға кредит  берудегі жаңашылдық пен  бизнес-барысын оңтайландыру туралы  сөз етілді.  Сарапшының  сөзі  бойынша, МҚҰ  нарық қатысушыларына сай келетін талаптарды ескере отырып,  жаңа қаржы құралдарына  қажеттілік туындап отыр.

Ұйымдастырушылардың  айтуы бойынша осы секілді  салалық шаралар  микроқаржылық нарықтың және FinTech-тің дамуына жаңа серпіліс, қатысушылардың  көптеген пікірлерін ортаға салу мүмкіндігін, үздік жаңашыл шешімдерге көз жүгіртуге және  Сандық Қазақстан  жолында сапалы серпіліс жасауға мүмкіндік береді.

 

Назад к разделу