KMF микроқаржылық ұйымы 40 млн.доллар көлемінде ЕҚДБ-дан теңгемен кредит алды
Қазақстанның жетекші микроқаржылық ұйымы – KMF МҚҰ коронавирус пандемиясының әсер етуімен байланысты микро-, шағын және орта бизнес (МШОБ) кәсіпорындарының өтімді қаражатқа деген қажеттілігін Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) берген жергілікті валютадағы кредиттің арқасында қанағаттандыра алады.
40 миллион АҚШ долларына баламалы қазақстандық теңгедегі кредит жергілікті кәсіпорындарға кәсіпкерлік қызметті жалғастыруға және жұмыс орындарын сақтап қалуға көмектеседі. Қаражатты жергілікті валютада беру қарыз алушылардың валюталық тәуекелдерін қысқартуға мүмкіндік береді.
«Қазір клиенттеріміздің бизнесі қарқынды түрде қалпына келіп жатыр. Осы қаржыландыруға сұраныстың жоғары екенін атап өту қажет, сол себепті ЕҚДБ-ға Қазақстанға инвестицияларды тарту бойынша белсенді жұмысына алғыс білдіреміз. Бұл инвестициялар өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды қосқанда, кәсіпкерлік белсенділікті ұлғайтуда аса тиімді болып отыр» - деп атап өтті Шалқар, Жүсіпов, KMF Басқармасының Төрағасы.
KMF-тің Қазақстан бойынша 14 филиалы және 111 бөлімшесі бар және ол бүкіл ел бойынша 225 000-нан аса клиентке қаржылық қызмет көрсетеді. Компания 2005 жылдан бастап ЕҚДБ серіктесі болып табылады.
ЕҚДБ экономикадағы Covid-19 пандемиясы туындатқан құлдырауға жауап ретінде екі Ынтымақты көмек топтамасын бөлді және енді дағдарыстың экономикалық салдарын еңсеру үшін 2020-2021 жж. бизнеске 21 миллиард еуроға дейінгі мөлшерде жалпы инвестиция бағыттауды жоспарлап отыр.
Бүгінгі таңда ЕҚДБ 273 жоба арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына 8,5 миллиард еуро инвестициялады.