Ұлы Отан Соғысы: ұлылықты ұлықтап, Ұлы Жеңістің ұмытылмауына үлес қосамыз
05.05.2016
Алматы облысы Төңкеріс ауылында орналасқан соғыс жауынгерлеріне арналған ескерткіш қалпына келтіріліп, ескерткіш маңын көріктендіру жұмысы жүргізілді. 2015 жылы KMF-тің қаржылай қолдауымен жүргізілген күрделі қалпына келтіру жұмысынан кейін, аталмыш ескерткішті күту-жаңғырту жұмыстарын жүргізуді компания қызметкерлері өз қамқорлықтарына алды. Жеңіс күні қарсаңында Талғар бөлімшесінің қызметкерлері Төңкеріс ауылына тазалық жұмысын жүргізуге шықты. Әріптестеріміз шөп шауып, гүл отырғызып, ағаштарды әктеп, орындықтар мен бардюрларды сырлау секілді жұмыстар жүргізді. Осы шара арқылы біз біртұтас қоғамның бір бөлігі ретінде батыр бабаларымызға деген тағзымымызды жеткіземіз.
Басқа жаңалықтар
Жастар кәсіпкерлігі: KMF пен ЕҚДБ қолдауымен арманға бастар жол
03.04.2025
KMF банк болады! Сіздің ісіңізге мол мүмкіндік, жайлы жағдай!
28.03.2025
1 сәуірден бастап KMF мобильді қосымшасы мен ресми сайты арқылы микрокредитті өтеу кезінде қолданылатын комиссия мөлшерлемесіне өзгерістер енгізіледі
28.03.2025