• KMF
  • Жаңалықтар
  • KMF Банкте енді валюталық шарттарды тіркеу қызметі қолжетімді
07.07.2026

KMF Банкте енді валюталық шарттарды тіркеу қызметі қолжетімді

KMF Банк клиенттерге арналған қызмет түрлерін көбейтіп, жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін валюталық шарттарды тіркеу және оларға қызмет көрсету сервисін іске қосты.

Жаңа сервис жеке немесе кәсіпкерлік қызметі аясында резидент емес тұлғалармен теңгемен есеп айырысатын клиенттерге арналған.

Валюталық шарттарды тіркеу теңгемен есеп айырысатын келесі операциялар бойынша қолжетімді:

  • шетелдік сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге тауарларды сату және қызметтер көрсету;
  • шетелдік ұйымдар мен азаматтар көрсететін қызметтер үшін төлем жасау;
  • шетелдік оқу орындарында оқу ақысын төлеу;
  • шетелдік медициналық ұйымдарға емделу және медициналық қызметтер үшін төлем жасау;
  • шетелдік азаматтар мен компаниялардан автокөлік, арнайы техника, жылжымайтын мүлік және өзге де мүлікті сатып алу.
Артқа қайту