- KMF •
- Клиентке •
-
Клиенттерге операцияларды үздіксіз көрсетудің кепілдендірілген деңгейі
Клиенттерге операцияларды үздіксіз көрсетудің кепілдендірілген деңгейі
Құрметті клиенттер,
«KMF Банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) Сізге Банктің өз клиенттеріне банктік және өзге де операцияларды (бұдан әрі – банктік қызметтер) үздіксіз көрсетудің кепілдендірілген деңгейін қамтамасыз ететіндігін хабарлайды.
Осы мақсатта Банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және Банктің ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады. Ақпараттық жүйенің жұмысында штаттан тыс жағдайлар (іркіліс/тоқтап қалу) орын алған жағдайда Банк негізгі орталықтың жұмысын қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
- Банктің ішкі нормативтік құжаттарында айқындалған уақыт кезеңінде негізгі орталықтың жұмысын қалпына келтіру мүмкін болмаса, ақпараттық жүйелерді резервтік орталыққа ауыстыру жүзеге асырылады.
- Ақпараттық жүйені резервтік орталыққа ауыстыру бойынша стандартты уақыт нормативі іркіліс (тоқтап қалу) туындаған сәттен бастап 4 (төрт) сағаттан аспайды.
- Банк клиентке банктік қызмет көрсетуді:
1) клиент Банкпен жасалған шартта көзделген банктік қызметтерді алу тәртібі мен шарттарын бұзған жағдайда;
2) клиенттің банктік қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз ететін техникалық құралдары ақауланған жағдайда;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқылы.
Жоғарыда көрсетілген себептер бойынша банктік қызметтер көрсетуді тоқтата тұрған немесе тоқтатқан жағдайда Банк клиентке хабарлайды (осы хабарламаның 3-тармағында көзделген банктік қызметтер көрсетуді тоқтата тұру немесе тоқтату жағдайларын қоспағанда).
Клиенттің банктік қызметтерді алуын тоқтата тұруына әкелген себептер жойылған кезде Банк клиентке жазбаша не электрондық нысанда хабардар ете отырып, оған банктік қызметтер көрсетуді қайта бастайды (банктік қызметтер көрсетуді тоқтата тұру немесе тоқтату жағдайларын қоспағанда).
Құрметпен,
«KMF Банк» АҚ