KMF-Депозит

Сіздің сенімді табысыңыз

KMF-Депозит

<p>Қолжетімділік</p>

Қолжетімділік

Банкке бармай 24/7

<p>Басқару</p>

Басқару

Барлық операция - онлайн

<p>Салым валютасы</p>

Салым валютасы

теңге (KZT) / USD

Салымға кепілдік беру

Кепілдік берілетін максималды сома - теңгедегі мерзімді депозиттер бойынша - 10 миллион теңге, АҚШ долларындағы мерзімді депозиттер бойынша - 5 миллион теңге.


Егер Банкте түрлері мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше салым/шот орналастырылған/ашылған болса, онда барлық салым/ шот бойынша соманың жиынтық қалдығына кепілдік беріледі, бірақ салымның/шоттың әрбір түрі бойынша шектерді ескере отырып, кепілдік берілген өтемнің ең жоғары сомасынан – 20 миллион теңгеден аспайды.


Шетел валютасындағы депозит/шот бойынша кепілдендірілген өтем сомасы қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан айырылған күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша балама сомада төленеді.  

Салымға кепілдік беру

Депозит калькуляторы

Валюта
Есептеу түрі
Біздің ұсыныс
Депозит мөлшерлемесі
ЖТСМ
Мерзім соңындағы сома
Табыс

Депозит шарттары

Салым валютасытеңге
Салым мерзімі13 ай
Минималды салым сомасы1 000 теңге
Максималды салым сомасы6 000 000 000 теңге
Сыйақы мөлшерлемесі14,02%-дан 14,4%-ға дейін (ЖТСМ 15% - 15,5% аралығында)
Толықтыруқарастырылған, 6 млрд теңгеге дейін
Ішінара алуқарастырылған, 1 000 теңгеге дейін
Сыйақы төлеуАй сайын/депозит мерзімінің соңында
Ұзарту Осы депозитке ақша қабылданғанға дейін шектеусіз
Мерзімінен бұрын бұзуқарастырылған
Салым валютасыUSD
Салым мерзімі13 ай
Минималды салым сомасы10 USD 
Максималды салым сомасы5  000 000 USD
Сыйақы мөлшерлемесі1% (ЖТСМ 1%)
Толықтыру5  000 000 USD дейін қарастырылған
Ішінара алу10 USD дейін қарастырылған
Сыйақы төлеуАй сайын/депозит мерзімінің соңында
Ұзарту автоматты, шектеусіз, Банк салымның осы түрін жою туралы шешім қабылдаған сәтке дейін
Мерзімінен бұрын бұзуқарастырылған, айыппұл қолданылмайды және бұрын есептелген сыйақы қайта есептелмейді
Жабу
салымды қайтару жинақ шотын жабу туралы өтініш берілген сәттен бастап 7 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Банктік салым шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сыйақы төлеу салымда қаражаттың нақты орналастырылған күн санына сәйкес сыйақы мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі.
Салымды ашу, жүргізу және жабу үшін комиссия
Банктің бекітілген тарифтеріне сәйкес.

Сыйақы мөлшерлемелері (KZT) «KMF Банк» АҚ Басқармасының 30.03.2026 №8 шешімімен бекітілді

Сыйақы мөлшерлемелері (USD) «KMF Банк» АҚ Басқармасының 25.06.2026 №22 шешімімен бекітілді

Мобильді қосымшаны орнатыңыз

Мобильді қосымшаны орнатыңыз

Жылдам тіркеуден өтіп, 2 минутта депозит ашыңыз
Мобильді қосымшаны орнатыңыз

Сұрақ-жауап

Депозитті қалай ашады?

Сіз депозитті "KMFBank" мобильді қосымшасында “Депозиттер” бөлімінде немесе Банктің кез келген бөлімшесіне барып аша аласыз. 


KMF Банк бөлімшесінде депозит ашу үшін жеке куәлік қажет. Сіз жеке куәліктің түпнұсқасын немесе EGOV қосымшасы немесе мемлекеттік қызметтерге рұқсаты бар кез келген банк қосымшасы арқылы электрондық жеке куәлікті көрсетсеңіз болады.

Депозитті қалай толықтырады?

Депозитті толықтыру жолдары:                                                                                                                                

•  KMF Банк бөлімшелеріндегі өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы;

•  KMF Банк бөлімшелерінде касса арқылы қолма-қол ақшамен;

•  "KMFBank” мобильді қосымшасында өз шоттары арасында аудару;

•  басқа банктерде ашылған сыртқы шоттардан аудару.

Депозит бойынша сыйақы қалай есептеледі?

Сыйақы бір айдағы нақты күндер саны мен бір жылда 365 күн негізінде есептеледі. 


Бір айдағы сыйақы номиналды мөлшерлеме негізінде есептеледі. Депозит бойынша сыйақы күнделікті қалдыққа есептеледі және айына бір рет төленеді/капиталдандырылады:

 - салымшының ағымдағы шотына төленеді;

 - капиталдандырылады және депозит мерзімінің соңында төленеді.

Депозитті капиталдандыру дегеніміз не?

Бұл есептелген пайыздардың қосылуы есебінен депозит сомасының ай сайынғы ұлғаюы. Осылайша депозиттегі сома өседі, ал кейінгі есептеулер ұлғайған сомаға жүргізіледі.

Тиімді және номиналды мөлшерлеме дегеніміз не?

Номиналды мөлшерлеме — ай сайынғы сыйақы есептелетін мөлшерлеме.


Тиімді мөлшерлеме — номиналды мөлшерлемені және капиталдандыруды (депозит сомасына есептелген пайыздарды қосуды) қамтитын жиынтық төлем.   Бұл келесі толтыру кезінде банк пайыздарды ұлғайтылған сомаға есептейді дегенді білдіреді.  

Депозиттен ақшаның бір бөлігін қалай алуға болады?

Мерзімді депозит бойынша ішінара шешіп алу мүмкіндігі қарастырылған, бұл ретте ең төменгі қалдық сақталуы тиіс – 1 000 теңге немесе 10 АҚШ доллары.

Ақшаны депозиттен бірнеше тәсілмен алуға болады:                                                                           

• "KMFBank” мобильді қосымшасында өз шоттары арасында аудару арқылы;

• KMF Банк бөлімшесінде касса арқылы;


Депозитті Банк бөлімшесінде касса арқылы қолма-қол ақшамен алғанда комиссия алына ма?

Егер ақша депозитте күнтізбелік 15 күннен көп сақталса, комиссия алынбайды. Егер күнтізбелік 15 күннен аз сақталса, комиссия банк тарифтеріне сәйкес алынады.

Депозит бойынша операция жүргізгеннен кейін ондағы қалдық соманы қалай білуге болады?

Депозит бойынша қалдықты және барлық операцияны "KMFBank” мобильді қосымшасында білуге болады.

Депозит мерзімін ұзарту шарттары қандай?

Депозиттің мерзімі оның мерзімін ұзарту сәтінде депозиттің осы түрі бойынша KMF Банк-те қолданылатын мерзімге және сыйақы мөлшерлемесі бойынша автоматты түрде ұзартылады.   

Депозиттің алдыңғы мерзімінде капиталдандырылған сыйақының сомасы депозиттің негізгі сомасын ұлғайтпайды және салымшының ағымдағы шотына төленеді.

Бірден бірнеше депозит ашуға бола ма?

Иә, клиент депозиттердің қалаған санын аша алады.

Банк депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатыса ма?

Иә,  KMF Банк «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі - ҚДКБҚ) депозиттерге кепілдік берудің (сақтандырудың) мемлекеттік жүйесіне қатысушы болып табылады.

Депозиттерге кепілдік беру сомасы қандай?

ҚДКБҚ кепілдік беретін максималды сома: 

  • ұлттық валютадағы карталар, шоттар және депозиттер бойынша 10 000 000 теңгеден аспайды
  • АҚШ долларындағы шоттар мен басқа депозиттер бойынша – 5 миллион теңгеге дейін.


Депозитті мерзімінен бұрын жабуға бола ма?

Иә Банктік салым шартында банктік салым шартын мерзімінен бұрын бұзу көзделген.

 Салымшы депозит бойынша басқа адамға сенімхат рәсімдей ала ма? Ол үшін не қажет?

Иә, депозит бойынша сенімхатты нотариус рәсімдейді, содан кейін салымшы және сенім білдірілген тұлға KMF Банкке сенімхаттың түпнұсқасын және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынады. Болашақта салымшының қатысуынсыз депозит бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде сенім білдірілген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты және сенімхаттың түпнұсқасын көрсетеді.

Менің депозитіме не себепті тыйым салынғанын қалай білуге болады?

Клиенттің депозитіне үш негізгі себеп бойынша тыйым салынуы мүмкін:

1. Мемлекеттік органдар алдында міндеттемелерді орындамау (мысалы, салықтар бойынша берешек); 

2. Мерзімі өткен кредит немесе банктер алдындағы басқа міндеттемелер; 

3. Сот қаулысы

Шотқа тыйым салу туралы нақты ақпаратты мемлекеттік органдардың сайтынан алуға болады (салық берешегі туралы мәліметтер, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлердің тізілімі)

Салымшыға тыйым салынған депозиттен ақша алуға және толықтыруға бола ма?

Клиент өз депозитін толықтыра алады, бірақ шығыс операциялары тыйым салуды алып тастағаннан кейін мүмкін болады.  

Салымшы тыйым салынған депозитті жаба ала ма?  

Клиент өз депозитін толықтыра алады, бірақ шығыс операциялары тыйым салуды алып тастағаннан кейін мүмкін болады.  

Салымшы депозитті Банк бөлімшесіне бармай-ақ жаба ала ма?

Депозитті екі тәсілмен жабуға болады:

"KMF Bank” мобильді қосымшасында "Менің банкім” бөлімінде депозитті таңдаңыз, "Депозитті жабу” батырмасын басып, экранда берілген қадамдарды орындаңыз.

KMF Банк бөлімшесінде депозит жабу үшін жеке куәлік қажет. Сіз жеке куәліктің түпнұсқасын немесе EGOV қосымшасы немесе мемлекеттік қызметтерге рұқсаты бар кез келген банк қосымшасы арқылы электрондық жеке куәлікті көрсетсеңіз болады. Шотты жабу туралы өтінішке қол қойғаннан кейін менеджер депозитті жабады және депозиттегі ақшаны сіздің KMF Банктегі ағымдағы шотыңызға аударады.


Депозит бойынша анықтаманы қалай алуға болады?

Депозит бойынша анықтаманы алу жолдары:

"KMF Bank” мобильді қосымшасында "Менің банкім” бөлімінде депозитті таңдаңыз, , "Өзге" жолында "Құжаттар мен анықтамалар"  => Анықтамалар таңдап, қажетті тілді көрсетіңіз, құрастырылған анықтаманы жүктеп алыңыз. 

KMF Банк бөлімшесінде анықтама алу үшін жеке куәлік қажет. Сіз жеке куәліктің түпнұсқасын немесе EGOV қосымшасы немесе мемлекеттік қызметтерге рұқсаты бар кез келген банк қосымшасы арқылы электрондық жеке куәлікті көрсетсеңіз болады.