- KMF •
- Клиентке •
-
Мерзімі өткен берешекті реттеу
Мерзімі өткен берешекті реттеу
Құрметті клиенттер!
Банк хабарлама жіберген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Сіз жазбаша нысанда және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы және (немесе) банктік қарыз шартында көзделген өзге де тәсілмен:
1) банктік қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге;
2) банктік қарыз шарты бойынша ай сайынғы төлемді банктік қарыз шартында белгіленген мөлшерден кемінде елу пайызға азайтуға;
3) шетел валютасында берілген қарыз бойынша негізгі борыштың қалдық сомасының валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына өзгертуге;
4) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға;
5) берешекті өтеу әдісін және (немесе) берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгертуге;
6) қарыз мерзімін өзгертуге;
7) мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіруге, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың), банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің күшін жоюға;
8) «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында белгіленген тәртіппен кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізуіне;
9) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың орнына банкке кепіл және (немесе) өзге де мүлікті беру арқылы бас тарту төлемін ұсынуға;
10) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені сатып алушыға бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге қатысты кез келген ұсыныспен банкке жүгінуге құқылысыз.
Сіздің өтінішіңізде банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың мерзімін өткізіп алудың туындау себептері, ағымдағы кірістеріңіз және сіздің банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен жүгінуіңізді негіздейтін (соған негіз болатын) басқа да мән-жайлар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Өтінішіңізді қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Сіз дауды қарау үшін банк омбудсманына жүгінуге құқылысыз. Өтінішті https://bank-ombudsman.kz сайты арқылы беруге болады («Өтініш беру» бөлімі).
Байланыс нөмірлері: +7(771) 929-33-33, +7(708) 983-30-16 (WhatsApp).