• KMF
  • Біз туралы
  • Қауіпсіздік

Қауіпсіздік

Клиентті қорғаудың қағидалары

KMF өзара сенімге, түсіністік пен құрметке негізделген клиенттермен ұзақ мерзімді серіктестік құруға айтарлықтай күш салады.
Осы мақсатта компания Smart Campaign бастамасымен Клиентті қорғаудың 7 қағидатын қолдайды және біздің компанияда осы қағидаттарды нығайту саясатын жүргізеді
1
Өнімдерді және жеткізу арналарын сәйкесінше әзірлеу
Кредиттер қолжетімді, кредитті алу/өтеудің шарттарын және тәртіптерін түсінуге оңай түрінде ұсынылады. Клиенттерге кредитті алу жөніндегі шешімін ойластыруға уақыт беріледі. Компанияның кредиттік өнімдері клиенттердің сұранысын ескере отырып, тұрақты кері байланыстың негізінде жасалады
2
Шамадан тыс берешекке жол бермеу
Кредиттер клиенттерге өзінің төлем қабілетін (кредит бойынша ай сайынғы төлемдерді өтеу мүмкіндігін) қалай бағалау керегін түсіндіріп, сондай-ақ кредитті өтеу қабілетін алдын ала талдау (Кредит бюросы арқылы кредиттік тарихын тексеру) арқылы беріледі
3
Ашықтық
Кредиттердің бағасы, ұсыну мерзімі және шарттары (пайыздық мөлшерлемелерді, барлық комиссиялық алымды және кредит бойынша басқа да шығыстарды қоса алғанда) клиентке кредитті бергенге дейін түсінікті түрде хабардар етіледі. Өнімдер жөніндегі ақпарат қолжетімді және ашық, түрлі құралдар арқылы (жарнамалық материалдар, ақпараттық тақталар, сондай-ақ ауызша) ұсынылады
4
Бағаны белгілеу
Кредиттер бойынша баға KMF-тің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, клиенттер үшін несие қолжетімді болатындай етіп белгіленеді
5
Клиенттерге әділ және құрметпен қатынас жасау
KMF қызметкерлері білімді, ынталы және клиенттермен қарым-қатынас кезінде әдеп нормаларын жоғары деңгейде сақтайды. Клиенттерге өз құқықтары туралы ақпарат берілген
6
Клиент деректерінің құпиялығы
Клиенттің дербес деректерін қорғау қолданыстағы заңнамаға және ережелерге сәйкес қамтамасыз етіледі; деректер клиенттен келісімін алмай тұрып басқа мақсаттарға пайдаланылмайды
7
Шағымдарды қараудың және шешудің механизмдері
Компанияда шағымдарды уақытында қараудың және әрекет етудің механизмдері, сондай-ақ клиенттерде пайда болатын проблемаларды шешудің механизмдері жасалған. Шағым беруге арналған түрлі байланыс арналары бар: жазбаша, ауызша - олардың барлығы клиенттер үшін қолжетімді

Ақпараттық қауіпсіздік саясаты

1
Ақпараттық қауіпсіздік саясаты
2
«KMF МҚҰ» мобильді қосымшасының құпиялылығы туралы ереже