- KMF •
- Біз туралы •
-
Компания туралы
KMF - ісіңізге ізгі махаббатпен
Алғы сөз
KMF тарихы 1997 жылдың 20 қарашасынан бастау алды. Сол күні Талдықорғанда алғашқы үш топқа несие берілді. Әр клиент 7 500 теңгеден алды, ол кезде бұл 100 АҚШ долларына тең. Бұл оңай кезең емес еді, қаншама халық жұмыссыз қалып, өз ісін бастауға талпынып жатқан уақыт болатын. Банктен несие алу мүмкін емес еді, өйткені қаржыландыру тек ірі әрі сенімді компанияларға, оның өзінде кепіл мүлкі болған жағдайда ғана берілетін.
Шағын несие беру үлгісі халық арасында үлкен сұранысқа ие болды. Клиенттер бізге сенім артты, біз де өз кезегімізде оларға сендік. Содан бері KMF-тің клиенттері 700 мыңнан аса адамды құрады, ал берілген қарыздардың жалпы көлемі 1,9 триллион теңгеден асты. Қарыз алушылардың басым бөлігі - ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін кәсіпкерлер. Олар өндірісті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып келеді, бұл біздің қоғамның игілігі үшін қызмет етіп жатқан тұтас бір экономика.
Шалқар Аманқосұлы Жүсіпов
Басқарма Төрағасы
Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау
Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау – KMF үшін ерекше міндет. Компания құрылған алғашқы күндерден бастап, біз бизнеспен айналысатын әйелдердің қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуді мақсат еттік.
Біз әйелдерді халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп әзірленген арнайы несиелік бағдарламалар арқылы қолдаймыз. Сонымен қатар, «KMF-Демеу» корпоративтік қорымен бірге кәсіпкер әйелдерге арналған іс-шаралар өткіземіз: тренингтер, семинарлар және бизнес-таңғы астар. Бұл іс-шаралардың барлығы тегін және оларға кез келген адам қатыса алады, мейлі сіздің бизнесіңіз қалыптасқан болсын немесе алғашқы қадамдарыңызды жасап жүрсеңіз де.
Райханова Қарлығаш Тілекқызы
Басқарма Төрағасының орынбасары
Біздің құндылықтарымыз
Миссия
Сіздің өркендеуіңіз үшін үздік микроқаржыландыру
Тарих