- KMF •
- Жаңалықтар •
-
KMF Банк банк операцияларын жүзеге асыруға арналған әмбебап лицензия алды
KMF Банк банк операцияларын жүзеге асыруға арналған әмбебап лицензия алды
2026 жылғы 15 шілдеде «KMF Банк» акционерлік қоғамы ұлттық және шетел валютасында банк және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған № 1.1.719.137 әмбебап лицензиясын алды.
Лицензия Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес берілді және ол мына банк операцияларын жүргізу құқығын қарастырады:
- жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау және банк шоттарын ашу;
- кассалық операцияларды жүзеге асыру;
- төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу;
- банктік қарыздар беру;
- шетел валютасымен айырбастау операцияларын орындау;
- банктік кепілдіктер беру.
Сондай-ақ факторингтік операцияларды, банкаралық қарыздарды, кепілдіктер мен кепілдемелерді жүзеге асыру қарастырылған.
Бұған дейін, 2025 жылғы 12 тамызда банкке № 21.1.120 лицензиясы берілген болатын. Сонымен қатар, 2025 жылғы 25 қарашада Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «KMF Банк» АҚ-қа барлық негізгі банк операцияларын жүргізуге арналған № 1.1.121 лицензиясын берді.
Құжат банктің ресми сайтында жарияланған.