KMF-тің миллионыншы кредиті

15.05.2015

Компанияның қызмет ету барысында берілген кредиттер саны миллионнан асты! Аталмыш жетістік компанияның барлық қызметкерлерінің еңбегі болып табылады және клиенттердің бізге білдірген сенімі ретінде бағаланады.

Мерейтойлық кредит беру шеңберінде миллионыншы кредит алған клеинтті салтанатты түрде құттықтау шаралары өтті. Ол «Қалдаяқовтағы» Алматы филиалының «Меркур» бөлімшесінің клиенті - Қариева Нұрбяти Нұрахметқызы. Нұрбяти Нұрахметқызы 2003 жылдан бері компанияның бейілді клиенті болып табылады. Саудамен айналысады, азық-түлік дүкендерінде бірнеше сауда орындары және канцеляриялық тауарларды сататын бөлімдері бар. Оның алған 70-кредиті бағына қарай, біздің компания берген миллионыншы кредит болып танылды.

Осыған орай, Компанияның Бас кеңсесі мен «Қалдаяқовтағы» Алматы филиалының қызметкерлері Қариева ханымның жұмыс орнына барып, құттықтау рәсімін өткізді. KMF компаниясы атынан, Нурбяти Нурахметқызына Samsung SMART теледидары табыс етілді. Қызметкерлер болса, Нұрбятитің компанияның көп жылдар бергі бейілділігі үшін алғыстарын білдіріп, оның бизнесіне табыс пен өркендеу тіледі.

Нурбяти Нурахметқызы үшін Компанияның құттықтауы тосынсый еді. Ол KMF тарапынан көрсетілген құрметке шексіз разылығын білдірді! KMF-ке тұрақты өсу мен өркендеу тіледі!

Артқа қайту