Микробизнестегі әйелдерді қолдау жөніндегі білім жобасы
KMF клиенттері де алдын ала өтінім беріп және байқаудан іріктеліп, жобаға қатыса алады. Бағдарлама маркетинг, ақпараттық технологиялар, көшбасшылық және қаржы басқару саласындағы бизнес-сарапшылардың және табысты кәсіпкерлердің біліміне негізделеді. Барлық төрт тренинг коучинг қолдауымен өткізіледі, оның аясында қатысушылардың тәжірибе жүзінде алған білімін пысықтауына мүмкіндігі бар.
«Жобаның кеңесші-тренерлер командасы – ЕҚДБ-мен серіктестікте шағын және орта бизнеспен көп жыл жұмыс істейтін тәжірибелі кәсіпқойлар. Олардың міндеті – микробизнестегі әйелдерге бизнес жүргізудің заманауи тәсілдерін пайдалануда көмектесу.
Оқу 2019 жылғы ақпан мен шілде аралығында Қазақстанның 14 қаласында: Ақтөбеде, Атырауда, Ақтауда, Оралда, Шымкентте, Таразда, Қызылордада, Талдықорғанда, Қостанайда, Петропавлда, Павлодарда, Қарағандыда, Өскеменде және Көкшетауда өтеді. Әр қалада 25 қатысушы іріктеліп алынады. Жоба Алматыда өтетін қорытынды конференциямен аяқталады, онда нәтижесі шығарылып, белсенді қатысушылар марапатталады, әйелдер кәсіпкерлігінің түйткілді мәселелері талқыланады.
Қатысу өлшемдері: Жобаға қызметкерлерінің штаты 9 адамнан аспайтын және жылдық айналымы 100 мың еуроға дейінгі көлемді құрайтын микрокәсіпорындар қатыса алады.