• KMF
  • Новости
  • Микробизнестегі әйелдерді қолдау жөніндегі білім жобасы
Микробизнестегі әйелдерді қолдау жөніндегі білім жобасы

Микробизнестегі әйелдерді қолдау жөніндегі білім жобасы

10.01.2019
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) «Микробизнестегі арулар» атты жаңа білім жобасын іске қосты. Бағдарламаға Қазақстанның 14 облыс орталығынан 350 кәсіпкер әйел қатысады.

KMF клиенттері де алдын ала өтінім беріп және байқаудан іріктеліп, жобаға қатыса алады. Бағдарлама маркетинг, ақпараттық технологиялар, көшбасшылық және қаржы басқару саласындағы бизнес-сарапшылардың және табысты кәсіпкерлердің біліміне негізделеді. Барлық төрт тренинг коучинг қолдауымен өткізіледі, оның аясында қатысушылардың тәжірибе жүзінде алған білімін пысықтауына мүмкіндігі бар.

«Жобаның кеңесші-тренерлер командасы – ЕҚДБ-мен серіктестікте шағын және орта бизнеспен көп жыл жұмыс істейтін тәжірибелі кәсіпқойлар. Олардың міндеті – микробизнестегі әйелдерге бизнес жүргізудің заманауи тәсілдерін пайдалануда көмектесу.

Оқу 2019 жылғы ақпан мен шілде аралығында Қазақстанның 14 қаласында: Ақтөбеде, Атырауда, Ақтауда, Оралда, Шымкентте, Таразда, Қызылордада, Талдықорғанда, Қостанайда, Петропавлда, Павлодарда, Қарағандыда, Өскеменде және Көкшетауда өтеді. Әр қалада 25 қатысушы іріктеліп алынады. Жоба Алматыда өтетін қорытынды конференциямен аяқталады, онда нәтижесі шығарылып, белсенді қатысушылар марапатталады, әйелдер кәсіпкерлігінің түйткілді мәселелері талқыланады.

Қатысу өлшемдері: Жобаға қызметкерлерінің штаты 9 адамнан аспайтын және жылдық айналымы 100 мың еуроға дейінгі көлемді құрайтын микрокәсіпорындар қатыса алады.

Назад к разделу