- KMF •
- Жаңалықтар •
-
Наурыздағы сый
Наурыздағы сый
Наурыз мейрамы қарсаңында KMF Банк 20 жылдан астам уақыт бойы банкпен бірге келе жатқан клиенттеріне ерекше ризашылықпен медицина сервисіне тегін қолжетімділікті тарту етеді.
Бұл сервис қосымша қолдау құралы ретінде әзірленген. Ол медициналық мамандармен ыңғайлы форматта байланыста болуға мүмкіндік береді. Қызмет тәулік бойы жұмыс істейді және онлайн режимде қолжетімді. Қолданушылар білікті дәрігерлерден, сонымен қатар шетелдік мамандардан кеңес ала алады. Сервис клиенттердің өздері және олардың отбасы мүшелері үшін қолжетімді.
Бұл сыйлық банктің негізі қалаған сәттен бері бірге келе жатқан жандарға деген зор құрмет пен алғыстың белгісі. Олардың көпшілігі қиын кезеңдерде өз кәсібін бастап, өңірлердің дамуына үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын ашты. KMF Банк өз клиенттерін тек қаржылық мәселелерде ғана емес, олардың әл-ауқатын жақсартуда да қолдау көрсетуді маңызды деп санайды.
Бүгінде банк клиенттерінің 65%-ы ауылдық жерлерде тұрады, мұнда бейінді мамандарға қолжетімділік шектеулі болуы мүмкін. Медицина осы кедергілерді еңсеруге көмектесіп, кәсіби медициналық кеңес алу мүмкіндігін кеңейтеді.
«Біз 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеміз және бір миллионнан астам клиентке қызмет көрсеттік. Олардың көпшілігі 20 жылдан астам уақыт бойы бізбен бірге. Наурыз мейрамына орай біз зейнет жасындағы құрметті клиенттерімізге ерекше сый тарту етуді жөн көрдік. Бұл жоба қаржылық қызмет аясынан шығып, клиенттеріміздің әл-ауқатын қолдауға және өмірдің маңызды сәттерінде жанынан табылуға деген ұмтылысымызды көрсетеді», - деп атап өтті «KMF Банк» АҚ Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіпов.
Сервис автоматты түрде қосылады. Алдағы күндері бағдарлама талаптарына сәйкес келетін клиенттерге толық нұсқаулық жазылған хабарламалар жіберіледі.
*Сервиске тегін қолжетімділік 30 күннен астам мерзімге уақыты өткен берешегі жоқ қолданыстанесиесі бар, 20 жылдан астам уақыттан бері банк клиенті болып келе жатқан және 28.02.2026 жылғы жағдай бойынша зейнет жасына жеткен клиенттерге ұсынылады.