• KMF
  • Новости
  • ЕҚДБ және KMF әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға $25 млн бөледі
ЕҚДБ және KMF әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға $25 млн бөледі

ЕҚДБ және KMF әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға $25 млн бөледі

25.04.2025

Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) еліміздегі әйелдер иелік ететін немесе басқаратын кіші, шағын және орта бизнесті қаржыландыруды кеңейту және қолдау үшін KMF компаниясына $25 млн дейін қаражат береді.

Келісім Кәсіпкер әйелдерді қаржыландыру бастамасының  (Women in Business) және Қазақстан Республикасы үкіметінің қолдауымен іске асатын «Бизнестегі қазақстандық әйелдер II» бағдарламасының шеңберінде жасалды.    

«Біздің басты аудиториямыз әрқашан әйелдер болды, олардың үлесі клиенттер портфелінің 55% астамын құрайды. ЕҚДБ беретін жаңа кредит, әсіресе, өңірлердегі кәсіпкер әйелдерге қаржыландыруға қол жеткізуге, бизнесті кеңейтуге, тиімділікті арттыруға және заманауи тұрақты технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.  Біз әсіресе ауылдық жердегі әйелдер арасында қаржылық және бизнес сауаттылықты арттыру бойынша жұмысты жалғастырамыз», — деп атап өтті KMF Басқармасының Төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Сонымен қатар ЕҚДБ қаражаты KMF өнім желісін кеңейтуге және компанияның микроқаржыландыру нарығындағы позициясын нығайтуға септігін тигізеді. 

Бүгінгі таңда KMF 27 жылдам астам уақыт кәсіпкерлерді қолдап, Қазақстандағы бүкіл микрокредиттің шамамен 18% беріп келеді. Компанияның клиенттері жүргізіп отырған кәсіптің арқасында елде 30 000 жуық жұмыс орны ашылды.

Артқа қайту