• KMF
  • Жаңалықтар
  • KMF Банк «Даму» қорының портфельдік кепілдік беру бағдарламасына қатысушы болды
22.09.2026

KMF Банк «Даму» қорының портфельдік кепілдік беру бағдарламасына қатысушы болды

KMF Банк «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен портфельдік кепілдік беру туралы келісім жасасты. Бағдарламаға қатысу кәсіпкерлердің бизнесті дамыту және кеңейту мақсатында қаржыландыру тарту мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында бизнес иелері «Даму» қорының кепілдігін ұсыну арқылы несие ала алады. Бұл құрал қажетті қаржыландыру көлемін алу үшін жеткілікті жеке кепілмен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ кәсіпкерлер үшін аса өзекті.


Бағдарлама жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға және шаруа қожалықтарына қолжетімді. Несие айналым қаражатын толықтыруға және бизнесті дамытуға 15 млн теңгеден 50 млн теңгеге дейінгі мөлшерде беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі - 26,99%, несиелеудің максималды мерзімі - 84 ай.


KMF Банктің бұл Бағдарламаға қатысуы кәсіпкерлер үшін, оның ішінде агробизнес өкілдері мен өңірлерде жұмыс істейтін компаниялар үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Кепілдік беру тетігінің арқасында кәсіпкерлер өздерінің кепілмен қамтамасыз ету мүмкіндіктері шектеулі болған жағдайда да қаржыландыру тартудың қосымша мүмкіндіктеріне ие болады.

Артқа қайту