- KMF •
- Жаңалықтар •
-
«KMF Банк» АҚ алғаш рет Банк мәртебесінде өзінің 2025 жылғы Жылдық есебін жариялады
«KMF Банк» АҚ алғаш рет Банк мәртебесінде өзінің 2025 жылғы Жылдық есебін жариялады
«KMF Банк» АҚ алғаш рет Банк мәртебесінде Жылдық есепті, аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілікті, орнықты даму туралы есепті жариялағанын хабарлайды. Есеп Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің талаптарын, Қазақстан қор биржасының (KASE) қағидаларын және GRI (Global Reporting Initiative) халықаралық қаржылық емес есептілік стандарттарын ескере отырып, 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған он екі ай үшін ХҚЕС-қа сәйкес дайындалды.
Банк қазіргі кезеңді бизнесті кеңейтуге, операциялық тиімділікті арттыруға және негізгі процестерге орнықты даму қағидаттарын біріктіруге бағытталған дамудың инвестициялық фазасы ретінде қарастырады. Біз қалыптасқан стратегияға, технологиялық базаға және кәсіби командаға сүйене отырып, болашаққа нық сеніммен қараймыз» - деп атап өтті «KMF Банк» АҚ Басқарма Төрағасы Шалқар Аманқосұлы Жүсіпов.
2025 жылдың негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіштері:
- Меншікті капитал 11,2%-ға ұлғайып, 69,7 млрд теңгені құрады.
- Банктің активтері 20%-ға өсіп, 403 млрд теңгеден асып түсті.
- Кредиттік портфель 2024 жылмен салыстырғанда 18%-ға артып, 330,5 млрд теңгеге жетті.
- Мобильді қосымшадағы белсенді клиенттердің саны 155,1 мың адамға жетті.
- Fitch Ratings агенттігі KMF-тің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «B+» деңгейінде және ұлттық рейтингін тұрақты болжаммен «BBB (kaz)» деңгейінде растады.
2025 жылдың негізгі нәтижелерінің бірі жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған бірыңғай цифрлық сервис болып табылатын жаңа мобильді қосымшаның іске қосылуы болды. Қосымша шоттар мен депозиттерді қашықтан ашу, сондай-ақ төлемдер мен аударымдарды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, клиенттермен өзара іс-қимыл жасаудың бірыңғай цифрлық арнасын қалыптастырады.
Банк халықаралық серіктестермен белсенді ынтымақтастықты жалғастырып жатыр. 2025 жылы ЕҚДБ (Еуропа қайта құру және даму банкі), IFC (Халықаралық қаржы корпорациясы) және JICA (Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі) ұйымдарымен серіктестік қатынастар нығайтылды.
Орнықты даму жаңалықтарына тоқталатын болсақ, Банк БҰҰ Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосу үшін бизнес, академиялық орта және ҮЕҰ өкілдерінің басын біріктіретін бастама — БҰҰ Жаһандық шартына қосылды. 2025 жылдан бастап біз алғаш рет парниктік газ шығарындыларын есептеуді қолға алып, оларды барынша азайтуға бағытталған шараларды іске асырып жатырмыз.
2025 жылдың желтоқсанында Еуропа қайта құру және даму банкі KMF-ті «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы аясында қаржылық емес қызметтер саласындағы Көшбасшы банк деп таныды.
KMF клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары деңгейі үшін CCG Awards кәсіби қоғамдастығының «Сапаны бақылау және бағалау бойынша үздік команда» номинациясында «Хрусталь гарнитура 2025» жүлдесіне ие болды.
Банктің брендтің ұлттық мұрамен байланысын айшықтайтын өзіндік корпоративтік символы – құмай тазы (Тазы) пайда болды.
Банктің 2025 жылғы қызметінің осы және өзге де көптеген нәтижелерімен Банк сайтында жарияланған Жылдық есептен танысуға болады.