Ер ерлігі - ел есінде
Жеңіс отшашуының жарқылына 69 жыл өтті. Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі зор болды. Ұлы Отан соғысына еліміздің 20 пайызға жуық тұрғыны атсалысып, бір миллион екі жүз мың жауынгер соғысқа аттанды, олардың тең жартысы ғана елімізге оралды. Қазақстандық жауынгерлер барлық соғыс ошақтарында батыл шайқасты. Алматы қаласында жасақталған 28-ші Панфиловшылар дивизиясы құрамындағы біздің мыңдаған жерлестеріміз ерекше батылдықтарымен көзге түсті. Ленинградты қорғауда және қоршаудан босатуда Қазақстанның екі дивизиясы ерлік көрсетсе, Сталинград үшін шайқасқа Қазақстанда жасақталған дивизиялар мен батальондар қатысты. Қазақстанның солдаттары Балтық жағалауы республикаларын, Украинаны, Польшаны, Белоруссияны босатуда ерен ерліктерімен ерекшеленді. Сондай-ақ, қазақстандық жауынгерлер КСРО аймағындағы партизандық қозғалыстарда және Еуропа елдеріндегі қарсы тұру қоғалыстарына қатысты.
Шайқас алаңында бір ғана солдат тірі қалса да, соғыстың бітпегені дейді. Бірақ 100 жыл өтсе де халық 1941-1945 аралығындағы сұрапыл соғыс жылдарын мәңгі есте сақтайтыны сөзсіз. Өкінішке орай, жыл өткен сайын, Қазақстандағы Ұлы Отан Соғысы Ардагерлерінің саны азайып келеді. Бүгінгі күні еліміздегі бейбітшілік пен бостандық аспаны үшін күрескен 4,5 мың адам қалды.
Біз Ұлы Отан Соғыс Ардагерлерін болашақ ұрпақтың бейбітшілікте, тәуелсіздікте өмір сүру мүмкіндігіне қолжеткізгені үшін алғыс білдіреміз. Ризашылығымыз бен алғысымызды бір ауыз сөзбен жеткізе алмасымыз анық. Сіздердің алдыларыңызда басымызды иеміз!
«KMF» Шағын несие ұйымының қызметкерлері де филиал бойынша ҰОС ардагерлерін құттықтай отырып өз үлестерін қосты. Жалпы есеппен 27 ҰОС ардагерлеріне нақты көмек көрсетілді. Олардың ішінде ардагерлердің өз қалауы бойынша 4 ардагер шипажайға және 4 ардагер денсаулығын жақсарту үшін арнайы құралдар алды, 6 ардагердің үйіне жөндеу жұмыстары мен жаңа есік-терезелер орнатылып берілді, бір ардагерге көмір түсіріп берілсе, енді біріне жаңалық тыңдайтын радио магнитофон құлаққабымен бірге сыйға тартылды. Сондай-ақ, аудан орталықтары мен ауылдарда 5 тарихи ескерткіштер қалпына келтіру жұмыстарынан өтті.
Біздің филиалдардан жеткен репортажды толығырақ Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне арналған арнайы «Ер ерлігі – ел есінде» бөлімінен оқи аласыздар.