• KMF
  • Новости
  • KMF MOST Ventures венчурлық қорының капиталына $2 млн инвестициялайды
KMF MOST Ventures венчурлық қорының капиталына $2 млн инвестициялайды

KMF MOST Ventures венчурлық қорының капиталына $2 млн инвестициялайды

04.03.2022
Келісім шарттарына сәйкес MOST Ventures алынған қаражатты қаржылық IT-шешімдер саласында маманданған жас кәсіпкерлердің стартаптарына бағыттайды.

KMF МҚҰ және KMF-Демеу корпоративтік қоры компаниялар тобы MOST Ventures венчурлық қорымен оның капиталына 2 млн доллар инвестициялау туралы келісімге қол қойды. Келісім шарттарына сәйкес MOST Ventures алынған қаражатты қаржылық IT-шешімдер саласында маманданған жас кәсіпкерлердің стартаптарына бағыттайды.

KMF МҚҰ Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіповтың айтуынша, келісім Орталық Азия елдерінде, бірінші кезекте Қазақстанда финтех саласындағы жас дарындарды қолдауға мүмкіндік береді.

«Біз MOST Holding-пен бес жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеміз, MOST бизнес инкубаторын қолдаудан бастаған едік. Бүгінгі таңда венчурлық қор серіктес ретінде таңдалды, өйткені оның тиімді даму моделі стартаперлерді оқытуды және сүйемелдеуді қарастырады. Осылайша, KMF МҚҰ және KMF-Демеу корпоративтік қоры өзінің әлеуметтік миссияларының бірі – дарынды жастарды қолдауды және дамытуды жүзеге асырады. Бүгінгі MOST Ventures-пен жасалған келісім біздің әлеуметтік бастамаларымызды дамытудағы келесі қадам болып табылады», - деп атап өтті KMF МҚҰ Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Бизнес-инкубатор, акселератор және венчурлық қорды қамтитын MOST Holding деректеріне сәйкес әрбір үшінші өтінім финтех стартаптардан түседі. Бұл серіктестік үздік командаларға KMF-тің дамыған инфрақұрылымы базасында өз шешімдерін сынауға және жақсартуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, екі компанияда да өз саласының ізашарлары. KMF МҚҰ кәсіпкерлерді 1997 жылы қаржылай қолдауды алғашқылардың бірі болып бастады. Өз кезегінде MOST Ventures Қазақстанда венчурлық капитал саласындағы алғашқы жол салушы болды, яғни стартаптар өз жобасын дамытуға инвестицияларды тікелей ала алатын болды.

MOST Ventures басқарушы серіктесі Алим Хамитовтың айтуынша, KMF қор құрамына кірген алғашқы институционалдық ойыншы болып табылады және бұл бүкіл қазақстандық венчурлық инвестициялар нарығы үшін оң белгі.

Алим Хамитов, MOST Ventures басқарушы серіктесі: «2011 жылы біз бизнес-инкубатор ретінде бастадық және бұл басынан аяғына дейін жеке оқиға болды. 2020 жылы біз капиталмен тәжірибелі инвесторлар кірген алғашқы жеке венчурлық қор құрдық. Енді біздің қатарымызға KMF те қосылды. Біз технологиялар қазақстандық компаниялардың басты басымдықтарының біріне айналғанына қуаныштымыз. Бұл серіктестік стартаптарға өнімдерді жылдам жасауға, сынауға және масштабтауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз».


Назад к разделу