• KMF
  • Новости
  • Клиенттердің маңызды сұрақтарына жауаптар
Клиенттердің маңызды сұрақтарына жауаптар

Клиенттердің маңызды сұрақтарына жауаптар

20.03.2020
Қаржылық қиындыққа ұшыраған клиенттерді қолдау шаралары 2020 жылдың 17 наурызына дейін рәсімделген микрокредиттерге таралады.  
Құрметті клиенттер! KMF миссиясы – кіші, шағын және агро бизнес өкілдері әл-ауқатының артуына қолдау көрсету. Бүгінгі таңда қаржылық қолдаудан бөлек, сіздерді екі есе қолдау – біздің басты міндетіміз.

Өзекті сұрақтар-жауаптар  

Сұрақ: Мен сәуір айынан бастап декреттік демалысқа шықтым, кредитті төлеуді кейінге шегере аламын ба?

Жауап: Декреттік демалысқа шығуыңыз төтенше жағдайға байланысты емес, сондықтан кредитіңізді уақытылы төлеп тұруға міндеттісіз. 

Сұрақ: Менде кредитті төлеу бойынша қиындықтар жоқ, бірақ тобымда барлығы дерлік кредитті төлеуді кейінге шегеруді сұрап жатыр, мен де өтініш жазуым керек пе?   

Жауап: Жоқ, егер сізде кредитті өтеуге қатысты қиындықтар туындамаса, кредитті өтеу кестесіне сәйкес төлей беруіңіз қажет.  

Сұрақ: Мен мобильді қосымша арқылы қайта құрылымдауға өтініш жібердім, 3 күн өтті, шешім әлі шығарылмады. Жауабын қашан аламын?

Жауап: Қайта құрылымдау туралы өтініштер 10 жұмыс күні ішінде қаралады, күтуіңізді сұраймыз, шешім шығарылғанда кредиттік сарапшыңыз өзі хабарласады.  

Сұрақ: Мен Қазақстанда емеспін, мобильді қосымша арқылы төлемді кейінге шегеру туралы өтініш жібердім, бұл әрекетім жеткілікті ме?   

Жауап: Иә, егер өтініште барлық тиісті себептер дұрыс көрсетілген болса, жеткілікті.    

Сұрақ: Төлемді кейінге шегеруді үш айдан аз уақытқа рәсімдеуге бола ма? 

Жауап: Жоқ. Кейінге шегеру кезеңі үш ай деп белгіленген, 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 2020 жылдың 15 маусымына дейін. 

Сұрақ: Төлемді кейінге шегеру туралы өтінішті қашан бере аламын? 

Жауап: Қаржылық жағдайыңыз нашарлаған жағдайда 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 2020 жылдың 15 маусымына дейінгі бүкіл кезең ішінде.   

Сұрақ: Менің сәуір және мамыр айларында төленетін екі төлемім қалды. Төлемдерімді кейінге шегеруге бола ма?   

Жауап: Иә. Сіз төлемді кейінге шегеру туралы өтініш бере аласыз.  

Сұрақ: Кейінге шегеру туралы шешім шыққанға дейін төлемнің мерзімін кешіктіргенім үшін өсімақы есептеле ме?  

Жауап: Жоқ. 2020 жылдың 16 наурызына дейін берілген кредиттердің төлеу мерзімін кешіктірген үшін өсімақы есептелмейді. 

Сұрақ: ТЖ режиміне байланысты төленбеген төлемдер кешіріле ме?  

Жауап: ТЖ режимі кезінде өсімақы есептелмейді. 16 наурызға дейін төленбеген төлемдер және өсімақылар міндетті түрде төленуі керек, себебі кредиттік тарихқа кері әсер етеді.    

Сұрақ: Егер мен халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын болсам, кредит бойынша төлемді кейінге шегеруге болатынын не болмайтынын қайдан білемін? 

Жауап: Сізге смс-хабарлама келеді және содан кейін кредиттік сарапшыңыз хабарласады. Бөлімшеге келу қажет емес.   

Сұрақ: Менде KMF мобильді қосымшасы жоқ, төлемді кейінге шегеру туралы өтінішті қалай қалдырамын? 

Жауап: Өзіңіздің кредиттік сарапшыңызға хабарласыңыз.  

Сұрақ: Өсімақыны алып тастауға немесе төлемдер кестесін қайта қарауға өтініш беру үшін міндетті түрде бөлімшеге келу керек пе? Жауап: Міндетті емес, өтінішті біздің мобильді қосымша арқылы онлайн беруге болады. Толық ақпарат сілтемеде: ССЫЛКА

Сұрақ: KMF бөлімшелері келесі аптада жұмыс істей ме? 
Жауап: Барлық бөлімшелер жұмыс істеп жатыр және келесі аптада жұмыс күндері, яғни 26-27 наурызда жұмыс істейтін болады. (24 және 25 наурыз - демалыс). Шұғыл ақпаратқа қол жеткізу үшін біздің мобильді қосымшаны жүктеп алуға кеңес береміз. Сонымен қатар қажетті ақпаратты біздің сайттан: www. kmf.kz және өзіңіздің КС біле аласыз.    

Сұрақ: Менің қаламда ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты сауда орным орналасқан базар жабылды. Мен не істеуім керек? Төлемдердің төлеу мерзімін қарау туралы өтініш бере аламын ба?  
Жауап:  Компания бизнесте қиындыққа ұшыраған клиенттерге қол ұшын беруге дайын. Сондықтан өзіңіздің кредиттік сарапшыңызға хабарласыңыз. Ол телефон арқылы сұрау жүргізеді немесе мүмкін болса бизнес орнына барады, өтеу кестесін қалай өзгертуге болатынын айтады.   

 Сұрақ: Мені жалақы төленбейтін демалысқа жіберді. Төлемдер кестесін кейінге шегеруге бола ма?   
Жауап: Иә, сондай-ақ Сіз клиенттерді қолдау шараларына үміт арта аласыз. Өзіңіздің кредиттік сарапшыңызға хабарласыңыз.  

Сұрақ: Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы карантинге байланысты кредитті төлеу мерзімі ұзартыла ма?
Жауап:  Сіз өз кестеңізге сәйкес төлеміңізді наурыз айында төлейсіз. Ал егер өтеуге байланысты қиындықтар туындаса, өзіңіздің КС хабарласыңыз. Ол телефон арқылы сұрау жүргізеді немесе мүмкін болса бизнес орнына барады.

Сұрақ: Ал сәуір айында қалай төлеймін?
Жауап: Сәуір айында наурыздағы төлемін өтемеген клиенттерді кредиттік сарапшылар тексереді. Әрбір жағдай бойынша жеке шешім қабылданады. Сіз өзіңіздің кредиттік сарапшыңызға хабарласуыңыз қажет.   

Сұрақ: Бизнесі тоқтаған бизнес клиенттердің кредитті өтеу мерзімдері ұзартыла ма?   
Жауап: Иә, бізде кредитті төлеу мерзімін ұзарту қарастырылған. Ол үшін өзіңіздің кредиттік сарапшыңызға хабарласыңыз. Ол телефон арқылы сұрау жүргізеді немесе мүмкін болса бизнес орнына барады.
Өз қауіпсіздігіңіз және қолайлылық үшін КМF мобильді қосымшасын жүктеп алуға кеңес береміз, қосымша арқылы барлық ақпаратты: кредит қалдығын, төлемдердің түсуін, мерзімінен бұрын өтеу сомасын біле аласыз.  
Сондай-ақ қосымша арқылы кредитіңізді үйден шықпай-ақ комиссиясыз өтей аласыз. Қажет болса, біз Whatsapp-ғы нөміріңізге мобильді қосымшаны жүктеу бойынша нұсқаулықты жібере аламыз, ол үшін  87018017474 нөміріне – «МҚ нұсқаулығы» деген хабарламаны жіберіңіз.

Сұрақ:  Короновирус кезінде не істеу керек?
Жауап:  Короновирус жөніндегі барлық сауалдарыңызды 1406 шұғыл желі телефоны арқылы қоя аласыз.

Сұрақ:  Мен – мемлекеттік қызметкермін (мұғалім, тәрбиеші), бізді жұмыстан босатты. Бізге кредитті төлеу мерзімін ұзартуға бола ма?
Жауап: Егер сізде жалақы сақталмайтын демалысқа шыққаныңызды растайтын құжат болса, біз кредитті төлеу мерзімін бір айға ұзарта аламыз.  Егер жалақыңыз үзіліссіз есептелсе, онда кесте бойынша төлеп тұруыңыз қажет.   

Сұрақ:  KMF кредит беруді тоқтатты ма?  
Жауап:  Жоқ, Сіз кредитке өтінімді әдеттегідей – бөлімшеде, КМF сайтында немесе колл-орталыққа хабарласып бере аласыз.  

Сұрақ:  Біздің базар (сауда үйіміз) жұмыс істемейді, ол тағы қанша уақыт жабық болады?  
Жауап: Бұл шешімдер жергілікті әкімдіктер деңгейінде қабылданады, мерзімін базар/сауда үй әкімшілігінен нақтылаңыз.   

Сұрақ:  Елімізде карантин жарияланды, үйден шықпауға кеңес береді, кредитті қалай өтейміз? 
Жауап: КМF мобильді қосымшасын жүктеп алуға кеңес береміз, қосымша арқылы барлық ақпаратты: кредит қалдығын, төлемдердің түсуін, мерзімінен бұрын өтеу сомасын біле аласыз.  
Сондай-ақ қосымша арқылы кредитіңізді үйден шықпай-ақ комиссиясыз өтей аласыз. Қажет болса, біз Whatsapp-ғы нөміріңізге мобильді қосымшаны жүктеу бойынша нұсқаулықты жібере аламыз, ол үшін  87018017474 нөміріне – «МҚ нұсқаулығы» деген хабарламаны жіберіңіз.
 

Назад к разделу