Қаржы институтының қатары көбейеді
11.05.2023
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, екі микроқаржы ұйымы екінші деңгейлі банк атануға ниетті болып отыр.
«Бізде екінші деңгейлі банк атанғысы келетін екі ірі микроқаржылық ұйым бар. Олар – KMF және Solva. Олардың портфелі және капитал жеткіліктілік мөлшері банкке айналуға мүмкіндік береді. Былтыр тиісті заңнамалық түзетулер жасалды. Соның арқасында микроқаржылық ұйымның әуелі лицензиясын тапсырып, сосын барып банк лицензиясын алуға өтінім беретін талап жойылды», деді.