Қаржы институтының қатары көбейеді
11.05.2023
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, екі микроқаржы ұйымы екінші деңгейлі банк атануға ниетті болып отыр.
«Бізде екінші деңгейлі банк атанғысы келетін екі ірі микроқаржылық ұйым бар. Олар – KMF және Solva. Олардың портфелі және капитал жеткіліктілік мөлшері банкке айналуға мүмкіндік береді. Былтыр тиісті заңнамалық түзетулер жасалды. Соның арқасында микроқаржылық ұйымның әуелі лицензиясын тапсырып, сосын барып банк лицензиясын алуға өтінім беретін талап жойылды», деді.
Басқа жаңалықтар
Жастар кәсіпкерлігі: KMF пен ЕҚДБ қолдауымен арманға бастар жол
03.04.2025
KMF банк болады! Сіздің ісіңізге мол мүмкіндік, жайлы жағдай!
28.03.2025
1 сәуірден бастап KMF мобильді қосымшасы мен ресми сайты арқылы микрокредитті өтеу кезінде қолданылатын комиссия мөлшерлемесіне өзгерістер енгізіледі
28.03.2025