«Жұлдызды серіктес» бейілділік бағдарламасының жаңа шарттары
2019 жылдың 5 қарашасынан бастап KMF-те бейілділік бағдарламасы бойынша жаңа шарттар қолданылады.
Бейілділік бағдарламасының артықшылықтары:
Ø Енді әрбір жұлдызда клиентке сыйлық тапсырылады. Деңгейлер кестесін қараңыз.
Ø Бейілділік бағдарламасы бойынша жеңілдікке KMF Isker hanymy бағдарламасы бойынша жеңілдік қосылады.
Ø Бейілділік бағдарламасының жаңартылған шарттарына қарағанда көбірек жеңілдік алып жүрген клиенттерге – жеңілдік келесі деңгейге жеткенге дейін тоқтатылады.
Ø Бейілділік бағдарламасының жаңартылған шарттарына қарағанда төменірек жеңілдік алатын клиенттерге – жеңілдік жаңартылған шарттар бойынша «жұлдыз» деңгейіне сәйкес жоғарылайды.
Ø Бейілділік бағдарламасы бойынша жеңілдікке «KMF Isker hanymy» әйел кәсіпкерлігін қолдау аясында -1% жеңілдік қосылады
Ø «МСБ» өнімінде әрбір төртінші ашылған траншқа бір кредиттік лимит аясында сыйлық қарастырылған.
Ø Бейілділік бағдарламасының деңгейі «күнбе-күн» жаңартылатын болады
Ø Тренингтер мен іс-шараларға қатысу клиенттерге әр жұлдыз деңгейінде қолжетімді. Деңгейлер кестесін қараңыз.
Бейілділік бағдарламасының шектеулері:
1. Жеке кредиттеуде де, топтық кредиттеуде де 500 000 теңгеге дейінгі кредит сомаларына бейілділік бағдарламасы жұмыс істемейді, бірақ қарыз алушының жеңілдігі жиналады.
2. Қоса алғанда 100 мың теңгеге дейін барлық өнімдер бойынша кредиттер ескерілмейді.
3. «Сезон» кредиттік өнімі ескерілмейді
4. 12 айдан аса белсенділік болмаған жағдайда келесі кредитке жеңілдік 1%-ға төмендейді және осылай әрбір 12 ай белсенділік болмаған жағдайда жүріп отырады
5. 6-дан 30 күнге дейін мерзімді кешіктірген жағдайда келесі кредитке жеңілдікті төмендету – өтеу мерзімін кешіктірген әрбір жағдай үшін 1%
6. Өтеу мерзімін 30 күннен аса кешіктірген жағдайда – бейілділік бағдарламасынан шығару
7. 36 айдан аса белсенділік болмағанда – бейілділік бағдарламасынан шығару