• KMF
  • Новости
  • ТЖ кезінде KMF-те жеке тұлғалар мен ШОБ үшін кредит бойынша төлемдерін шегеру шарттары
ТЖ кезінде KMF-те жеке тұлғалар мен ШОБ үшін кредит бойынша төлемдерін шегеру шарттары

ТЖ кезінде KMF-те жеке тұлғалар мен ШОБ үшін кредит бойынша төлемдерін шегеру шарттары

30.03.2020
KMF микроқаржылық ұйымы мемлекет басшысының 2020 жылғы 23 наурыздағы тапсырмасын және ТЖ енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш және сыйақы сомаларын төлеуді тоқтату тәртібін жүзеге асырады.

KMF микроқаржылық ұйымы мемлекет басшысының 2020 жылғы 23 наурыздағы тапсырмасын және ТЖ енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш және сыйақы сомаларын төлеуді тоқтату тәртібін жүзеге асырады.

KMF жеке тұлғаларға, сонымен қатар шағын және орта бизнеске микрокредиттер бойынша міндеттемелерін орындау мерзімін кейінге шегеру мүмкіндігін ұсынады.

Жеке тұлғаларға

Шегеру шарттары: ТЖ енгізу нәтижесінде зардап шеккендерге микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш және сыйақы төлемдері тоқтатылады. 2020 жылғы 16 наурызға дейін кредит алған клиент пайдалана алады. Микрокредит шартына қосымша келісімге қол қою қажет емес.

Шегеру кезеңі: Қоса алғанда, 16 наурыздан 15 маусымға дейін. 

Қалай алады: растаушы құжаттарды ұсынбай, келесі себептердің бірін көрсете отырып, өтініш беру негізінде:

1) карантин енгізумен байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық;

2) ақы төленбейтін еңбек демалысында болу;

3) жұмыстан шығарылу, еңбек шартын бұзу және басқа да еңбек қатынастарын тоқтату;

4) жалақы немесе басқа кірістердің төмендеуі немесе төленуін тоқтату;

5) егер қызметкер төтенше жағдай және (немесе) карантин әрекет ететін аумаққа кіруге (шығуға) шектеу қойылумен байланысты жұмыс орнында бола алмаса;

6) қаржылық жағдайдың нашарлауы туралы куәландыратын басқа да себептер.

Төлемді шегеруге өтінішті қалай және қайда береді?

·         KMF бөлімшесінде қаржылық жағдайдың нашарлау себептерін көрсетумен ерікті нысанда

·         «KMF МҚҰ» мобильді қосымшасындағы «қайта құрылымдау» бөлімінде.

Қарыз алушының өтініші 10 жұмыс күні ішінде қаралады.

ШОБ субъектілеріне, соның ішінде жеке кәсіпкерлерге

Шегеру шарттары: ТЖ енгізу нәтижесінде зардап шеккендерге микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш және сыйақы төлемдері тоқтатылады. 

Шегеру кезеңі: Қоса алғанда, 16 наурыздан 15 маусымға дейін. 

Қалай алады: қарыз алушының өтініші және қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын құжаттардың негізінде. Бұл ретте тоқтату туралы шешім келесі жағдайларда қабылданады:

1) қызметі ТЖ режимімен шектелген экономика саласында қызмет атқару, соның ішінде:

·         СОСО жалға алушыларын қосқанда сауда саласы, халық тұтыну тауарларының дүкендері, тауарларды жеткізу тізбегі, бұған азық-түлік дүкендері, дәріханалар және олармен байланысты жеткізулер жатпайды,

·         спорт, туризм және қонақүй бизнесі, туроператорлар мен турагенттерді, жолаушылар секторын және

·         жүк тасымалдарын қосқанда, бұған азық-түлік және дәрі-дәрмек тасымалдары жатпайды,

·         мейрамханалар мен дәмханаларды қосқанда, қоғамдық тамақтану секторы, тұрмыстық қызметтер секторы,

·         театрларды, кинотеатрларды қосқанда демалыс ұйымдары, фото- және видеотүсірілім, көрмелер және конференциялар, мереке ұйымдастыру, сұлулық салондары және фитнес орталықтар,

2) немесе төтенше жағдай режимінің әрекет ету кезеңінде өткізілген тауарлар және (немесе) қызметтер көлемінің төмендеуі, сатып алушылардың төлемді кідіртуі, тоқтатуы, мерзімін ауыстыруы (шегеруі), қызметкерлердің штаттық санының қысқартылуы расталғанда немесе басқа объективті себептер бойынша қаржылық жағдайының нашарлауы.

Төлемді шегеруге өтінішті қалай және қайда береді?

·         KMF бөлімшесінде

·         «KMF МҚҰ» мобильді қосымшасындағы «қайта құрылымдау» бөлімінде.

Қарыз алушының өтініші 10 жұмыс күні ішінде қаралады.

ХӘОТ (халықтың әлеуметтік-осал тобы) санатына жататын тұлғалар, атаулы әлеуметтік көмекті алушылар, жұмыссыздар 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
- 1 және 2 топтағы мүгедектер;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
- жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
- кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады;
- оралмандар;
- экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
- мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
- толық емес отбасылар;
2) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
3) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздарға.
Көрсетілген жеке тұлғалардың тізімдері ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің және кредиттік бюролардың ақпараты негізінде беріледі.
 
Шегеру кезеңі: Қоса алғанда, 16 наурыздан 15 маусымға дейін. 

Шегеру шарттары: өтініш және растау құжаттарын ұсынбайды. Сізге өзі хабарласқан кредиттік сарапшыңызға what's app арқылы келісім беру ғана қажет.


Өтініш берумен, оны қарау туралы қабылданған шешімдермен, сонымен қатар қарызыңызды ұзартудың басқа егжей-тегжейімен байланысты барлық сұрақтар бойынша кредиттік сарапшыңызға немесе 7474 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласуды сұраймыз.


Артқа қайту