• KMF
  • Новости
  • Талдықорғандық кәсіпкер әйел су жаңа автокөлік ұтып алды
Талдықорғандық кәсіпкер әйел су жаңа автокөлік ұтып алды

Талдықорғандық кәсіпкер әйел су жаңа автокөлік ұтып алды

05.12.2023
Кәсібін нөлден бастап, үлкен жетістікке жеткен бизнес иелері еліміздің түкпір-түкпірінде кездеседі

Талдықорғандық кәсіпкер әйел су жаңа автокөлік ұтып алды

Кәсібін нөлден бастап, үлкен жетістікке жеткен бизнес иелері еліміздің түкпір-түкпірінде кездеседі. Солардың бірі – Назгүл Уәлиханқызы. 12 жыл бұрын Абай облысынан Талдықорғанға қоныс аударған ол жаңа мекенде нан пісіріп, жеке ісін қолға алыпты. Кәсіп дөңгелетемін деп ынталанған оның бастамасы берекесімен келіп, артынша су жаңа автокөлік ұтып алған. KMF-Qurmet ниеттестік бағдарламасы аясында бағалы сыйлықты жеңіп алған кәсіпкер шабытқа толы оқиғасын бөлісті.

Назгүл Уәлиханқызы – Талдықорған қаласында кәсібін дөңгелетіп отырған жандардың бірі. Сөзінше, баласы жоғарғы оқу орнына түскен соң туған жеріндегі кәсібін тастап, жаңа мекенге көшіп келген.

«Талдықорғанға көшкенде ештеңе болмады, пәтер жалдап тұрдық. Материалдық жағдайымды жақсарту үшін қайта кәсіп ашамын деген шешім қабылдадым. Сондықтан қысқа мерзімде көп табыс әкелетін нишаларды зерттей келе Талдықорғанда аспаздық саласын қолға алдым. Себебі нан әр уақытта керек. Осылай пәтерімнің бір бөлмесінде тоқаш пісіруді бастап кеттім. Әлі есімде, сол кезде қабырғаға «Сіздің қаржыңызға кез келген қалауыңызды орындаймын» деп жазып қойдым. Бұл менің ұраным еді», - дейді кәсіпкер.

Кәсіпкер барлық өнімді қолмен дайындағанын айтады. Ал тәтті тоқаштарын жергілікті дүкендерге ұсынып, клиенттер санын көбейтіпті.  

«Бәрін қолмен жасаған соң қолым да ауыра бастады. Тұрақты тұтынушыларым бар, әрі қарай даму керек, жаңа құрылғылар керек деп ойладым. Ол кезде жеке кәсіпкерлік ашпаған едім, сәйкесінше зейнетақы аударымдары да болмады. Осы себепті банктердің ешқайсы несие бермеді. Сөйтіп келе жатып, аяқасты KMF-тің клиентімен таныстым. Мен кез келген адаммен бірден тіл табысып кетемін. Ол кісімен сөйлесіп, барлық мәселемді жайып салдым. Әңгіме үстінде жаңағы әйел маған KMF туралы айтты. Бизнес жоспар болса, ақша таба алатыныңды дәлелдесең, микрокредит береді деді. Бірден менеджерінің нөмірін алып, KMF-тің бөлімшесіне бардым», - деп қосты іскер ханым.

Назгүл Уәлиханқызының айтуынша, менеджерге бизнес жоспарын таныстырған соң бір күннің ішінде-ақ микрокредит рәсімдеген.

«Бөлімшеге кіргенде бірден ұнады, күтіп алып, барлығын түсіндірді. Мен бизнес жоспарды ешқайда жазбаймын, есімде сақтап жүремін. Бұған дейін де кәсіппен шұғылданғандықтан, кіріс пен шығындарды есептеп, табыс таба алатынымды дәлелдедім. Келесі күні қоңырау шалып, микрокредит рәсімдеуге болатынын айтқанда қатты қуандым. Ең бірінші 300 мың теңге рәсімдеп, нан илейтін аппарат сатып алдым. Бұдан соң нан пісіретін пеш, нан жаятын станок алдым. Кейін 1,5 миллион теңгеге микрокредит рәсімдедім. Барлығын нөлден бастаған соң KMF менің төркініме айналып кетті. Қиналған тұста қол ұшын созған да KMF еді», - дейді Назгүл Уәлиханқызы.

Талдықорғандық кәсіпкер өнімдерін әлі күнге дейін өзі дайындайды екен. Қол астында қызметкерлері жоқ, ал қажет жағдайда отбасы мүшелері көмектеседі дейді.

«Қазір барлығы автоматтандырылған деуге болады, қажетті станоктар мен құрылғыларды сатып алдым. Үлгермей жатсам, үнемі көмектесетін отбасым бар. Тек тоқаш емес, тауық өнімдері, чебуректер де әзірлеймін, клиенттер тапсырыс берсе болғаны. Алайда көпшілігі үйге немесе мейрамханаға дейін жеткізіп беруді сұрайды. Клиент жоғалтып алмау үшін өз қаржыма такси шақырып, өнімдерді салып жіберетінмін. Сондықтан көлік алуды жоспарладым. Кәсібіме темір тұлпар қатты қажет еді. Көлік мінуді армандағаным соншалық тіпті таныстарыма, достарыма «Көр де тұрыңдар, салоннан жап-жаңа көлік аламын» деп айтып жүрдім. Құдайдың берген сыйлығы ғой, міне, бүгін KMF су жаңа көліктің кілтін табыстады», - деп қуанышын жасырмады кәсіпкер.

2.jpgКеліншек 2017 жылдан бері KMF клиенті екен. Айтуынша, бастапқыда KMF өкілі хабарласып, көлік жеңіп алғанын айтқанда мүлде сенбей, мұны алаяқтар деп ойлаған.

«Қоңырау шалған соң алаяқтар шығар деген ой келді. Сосын бұл туралы жолдасыма айтып едім, ол да сенбеді. Бірақ KMF компаниясы алдамайды деп ойладым. Өзімнің туған әпкем де 16 жылдан бері KMF клиенті, байқаудың нәтижесін әлеуметтік желіден көріп, бірден қоңырау шалып, «мұндай жаңалықпен бөліспей, неге үнсіз жатырсың?» деді. Тек осыдан кейін көлік ұтқаныма көзім жетті. Клиенттерді ынталандыратын осындай байқаулар үшін көп рақмет. Жүрген жерімде KMF-ті мақтап жүремін, себебі KMF-пен алға өрлеймін», - деп қосты ол.

Назгүл Уәлиханқызы шағын кәсібін кеңейткісі келетінін айтады. Бұл үшін, алдымен, жеке наубайхана ашпақ.

«Қазір тоқаш және өзге де өнімдерді дайындауға қажетті шикізат алатын орындармен келісіп қойғанмын. Сүтімді де үйге әкеліп береді, тұрақты тұтынушылар да бар. Шүкір, барлығы реттеліп келеді. Кәсіптің арқасында Талдықорған қаласынан жер үй мен үлкен пәтер сатып алдым. Өнімдерді жеткізіп беру үшін енді көлігім де бар. Тағы бір арманым – үлкен цех ашу. Ғимаратты жалға алғым келмейді. Қазір цех салатын жер қарастырып жатырмын», - деп түйіндеді ол.

Ал KMF Басқарма төрағасының орынбасары Қарлығаш Райханованың айтуынша, KMF-Qurmet ниеттестік бағдарламасы ұзақ жылдан бері тұрақты клиенттері болып келе жатқандарға бағытталған.

«Бағдарлама қатысушыларының саны 160 мыңнан асты. Біз оларды тұрақты түрде бағалы сыйлықтармен қуантып тұрамыз, соның ішінде көлік пен Астанадан пәтер де бар. Сыйлықтардың клиенттеріміз үшін пайдалы және олардың өз ісін дамытуда көмектесетінін сезіну бізді де қуантады», - деді Қарлығаш Райханова.

3.jpg

Артқа қайту