Төтенше жағдай кезінде KMF МҚҰ қарыз алушыларын қолдау шаралары
Коронавирустық инфекция пандемиясына және Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты, KMF МҚҰ төтенше жағдай режимінің әсерін жұмсарту үшін 2020 жылғы 13 наурыздағы оперативті штаб отырысында берілген Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - ҚНРДА) шаралар кешенін толықтай қолдайды.
ҚНРДА шараларына қосымша, KMF ірі микроқаржылық ұйым және клиенттерді халықаралық қорғау қағидаттарын ұстанатын, сондай-ақ бизнесті жүргізуде әлеуметтік рейтингісі бар компания ретінде, төтенше жағдайдың клиенттерге кері әсерін жұмсарту мақсатында бірқатар қосымша шаралар қабылдауға шешім қабылдады. 2020 жылғы 18 наурыздағы жағдай бойынша компания 240 мыңнан астам қарыз алушыға қызмет көрсетеді, олардың басым көпшілігі шағын бизнеспен айналысады, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сонымен қатар ауылдарда тұрады.
ТЖ режимін енгізуге байланысты қиындыққа ұшыраған KMF МҚҰ қарыз алушыларын қолдау шаралары:
1. KMF-тегі микрокредитті қайта құрылымдау күнінен бастап 24 айға дейін мерзімін ұзарту мүмкіндігін беру. Әрбір өтініш жеке қаралады.
2. Қарыз алушының қызметіне ТЖ әсері расталғанда негізгі борыш және сыйақы бойынша 90 күнге дейін мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндіктерін қарастыру;
3. ТЖ енгізу себепті қарыз алушылардың микрокредиттері бойынша төлемдердің мерзімі кешіктірілген жағдайда өсімақы алмау;
4. Қажет болған жағдайда KMF-тен қосымша қаржы алу мүмкіндігін беру.
Бұл шаралар қолдау шаралары туралы өтінішпен хабарласқан компания қарыз алушыларына атаулы қайта құрылымдауды беру аясында әзірленді және 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін KMF МҚҰ барлық филиалдарында қолданылады. ТЖ режимін ұзартқан жағдайда бұл шаралар да ұзартылады, - деп мәлімдеді Шалқар Жүсіпов, KMF МҚҰ Басқарма Төрағасы.
Сонымен қатар кредиттік өнімдердің шарттары бизнес жүргізуде қиындыққа ұшыраған қарыз алушыларды қаржыландыру үшін төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен және қысқа мерзімге кредит алу мүмкіндігімен толықтырылды.
KMF сонымен қатар короновирус инфекциясымен күресуге жұмылдырылған отандық медицина қызметкерлерін қаржылық қолдау бойынша бастамаға қосылады және меншікті қаражатынан 10 миллион теңге бөледі.
КМF МҚҰ – Microfinanza Rating бағалауы бойынша «АА-» деңгейіндегі әлеуметтік рейтингтің иегері. Бұл рейтинг клиенттер, қоғам және қызметкерлер алдындағы әлеуметтік жауапкершілікке қатысты ілгерлеуін куәландырады.
2007 жылдан бастап әлеуметтік рейтинг алған компаниялардың деректер базасында KMF – осындай жоғары әлеуметтік рейтингке ие жалғыз МҚҰ.