- KMF •
- Жаңалықтар •
-
Шалқар Жүсіпов: Дәстүрлі микрокредиттер мен PDL-қарызының аражігін айқындау қажет
Шалқар Жүсіпов: Дәстүрлі микрокредиттер мен PDL-қарызының аражігін айқындау қажет
– Жақында Мәжілісте халықтың шамадан тыс кредит алуы жөнінде мәселе қозғалып, борыш жүктемесін азайту шаралары ұсынылды. Бұл мәселеде микроқаржы ұйымдарының рөлі қандай?
– Біз Ұлттық банктің халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту туралы бастамасын қолдаймыз. Бұл ретте айта кететін жайт, Мәжілісте жеке тұлғаларға кепілсіз берілетін, «жалақыға дейінгі ақша» деп аталып жүрген тұтынушылық кредиттер жөнінде сөз қозғалды. Олар да микрокредит деп аталатынына қарамастан, дәстүрлі МҚҰ мен PDL-компаниялар беретін қарыздың арасындағы айырмашылықты білу өте маңызды.