- KMF •
- Жаңалықтар •
-
KMF Банктің жаңа жыл кезіндегі жұмыс тәртібі
19.12.2025
KMF Банктің жаңа жыл кезіндегі жұмыс тәртібі
Құрметті клиент!
Сізге KMF Банктің жаңа жыл кезіндегі жұмыс тәртібі туралы хабарлаймыз.
2025 жылғы 31 желтоқсанда сағат 13:00-ге дейін келесі операциялар қолжетімді:
- төлемдерді қабылдау;
- шоттан ақша алу;
- теңгемен аударымдар;
- Банктің кеңселерінде және мобильді қосымша арқылы ағымдағы және депозиттік шоттарды ашу;
- кассаларда валюта айырбастау операцияларын жүргізу.
Несиені 2025 жылы алуға өтінім қабылдау 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап тоқтатылады.
2026 жылғы 1–4 қаңтар аралығында (қоса алғанда) KMF Банк терминалдары, серіктестер терминалдары және Банктің мобильді қосымшасы арқылы төлемдерді қабылдау операциялары қолжетімді болады.
2026 жылғы 5 қаңтардан бастап Банк стандарттық режимде жұмыс істейді.
Қосымша сұрақтар бойынша 7474 нөмірі арқылы Байланыс орталыққа немесе WhatsApp +7 701 801 74 74 (тәулік бойы).