• KMF
  • Жаңалықтар
  • KMF Банк бизнеске арналған интернет-банкингті іске қосты
17.08.2026

KMF Банк бизнеске арналған интернет-банкингті іске қосты

KMF Банк заңды тұлғаларға арналған интернет-банкинг қызметін ұсына отырып, кәсіпкерлердің цифрлық мүмкіндіктерін кеңейтті. Сервис клиенттерге банктік шоттарды басқаруға және қаржылық операцияларды кез келген уақытта, тәулік бойы, 24/7 режимінде онлайн жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сервис арқылы кәсіпкерлер:

  • банктік шоттар бойынша ақпаратты, оның ішінде шот деректемелерін, қалдықтарды және операцияларды қарай алады;
  • мемлекеттік органдардың орындалмаған талаптары мен өкімдерін, сондай-ақ шоттарға салынған тыйымдарды бақылай алады;
  • ұлттық валютада банк ішіндегі, сондай-ақ банкаралық төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыра алады;
  • бюджет алдындағы міндеттемелерді бірыңғай тізілім арқылы төлей алады;
  • жинақ шоттарын аша алады;
  • кредит алуға өтінім бере алады;
  • банктік үзінді көшірмелер мен анықтамаларды ала алады.

Интернет-банкингке қосылу үшін KMF Банкте ағымдағы шоттың, жарамды ЭЦҚ-ның (электрондық цифрлық қолтаңбаның) және жүйеге қосылуға арналған қол қойылған өтініштің болуы қажет.

Артқа қайту