• KMF
  • Новости
  • Ағымдағы жылдың 10-сәуірінде Алматы қаласындағы №10 мектепте Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі тойланды

Ағымдағы жылдың 10-сәуірінде Алматы қаласындағы №10 мектепте Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі тойланды

13.04.2015

Ағымдағы жылдың 10-сәуірінде Алматы қаласындағы тұрмысы төмен отбасыларының балаларына арналған №10 мектепте Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі тойланды.

«KMF» МҚҰ-ның Бас кеңсесінің қызметкерлері шараның құрметті қонағы болып, көктемнің шуақты мерекесіне белсенділікпен қатысты.

Информатика, би, сурет салу, киноклуб, ақылдылар клубынан қосымша сабақ өткізетін, өздерінің қамқоршыларын көрген балалардың қуанышында шек болмады.

Балалар мен мұғалімдердің атсалысуымен мерекелік қойылымдар, ән, би және көздің жауын алатын әдемі ұлттық көйлектердің көрсетілімі таңдай қақтыртты.

Келген қонақтар оқушылардың қойған қазақ халқының дәстүріне негізделген қойылымдарын, спорттық көрсетілімдерін , шығыс жекпе-жегінен көріністі тамашалады.

Көрсетілімдерінің ішінде, оқушылар мен мұғалімдердің қолда бар материалдар – газет, журнал, қағаз және полиэтиленді пайдаланып тіккен «ЭКО» стиліндегі костюмдердің дефилесі атап айтарлықтай.

Мектеп директоры Брекеева Ләззат Көлбайқызы «KMF» басшылығы мен қызметкерлеріне ұзақмерзімді серіктестік пен балаларға көрсетілген қамқорлықтары үшін шексіз алғысын білдірді. Мерекелік бағдарламаның соңында балалар өз қолдарымен майлық қағаздан жасалған әдемі гүлдердің шоғын Бас Кеңсенің барлық қызметкерлерне табыс етіп, дәстүрлі шашу шашылды.

Шара өткізілген кезде шұғылалы көктем –арудың күні де шуақты болып, барша жиналғандарды шаттыққа бөлей түсті!

Артқа қайту