KMF-тің үздік қызметкері 2013 - Парижге сапар!

22.09.2014

Өткен жылы KMF-те «KMF-тің үздік қызметкері 2013» байқауы болып өтті. Бұл жүлде қызметкерлердің арасындағы үздікдердің үздігін анықтап, KMF қызметіне қосқан елеулі үлестері үшін оларды марапаттау мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Байқауының нәтижесінде KMF-тің үздік қызметкері болып Шымкент қаласындағы KMF филиалы, Сарыағаш бөлімшесінің менеджері - Сәбитова Айман таңдалып алынды. Компания сыйлығы - Парижге Сапар!

Жер көріп келген Айман, бізбен өз әсерімен бөлісті: «Биыл, жазғы демалысымды алғаш рет Парижде өткізу бақыты бұйырды! Париж өз ұлылығымен тәнті етеді. Париж поражает своим величием! Кірсе шыққысыз Керемет мұражай - Лувр да өзінің ғажаптығымен тәнті етті. Нотр-Дам-де-Пари болса, өте әсем қамал, белгілі бір уақытта ол жерден тылсым араласқан қоңырау үнінің жағымды дыбысы естіліп тұрады. Әрине, Эйфель Мұнарасын айтпасқа болмас, Мұнара жанына келгенімде, толқығандығымнан тынысым бір сәтке тоқтап қалғандай боп көрінді. Ал, біз тоқтаған отель -19 ғасырдан бері үздіксіз қызмет көрсетіп келе жатқан Мулин Руж-кабаресінің дәл жанында орналасқан еді. Саяхат керемет болып өтті, маған өте ұнады! Осы ғажап қалаға барып көрмегендеріңіз болса, міндетті түрде демалыстарыңызды сол жерде өткізіңіздер деп кеңес беремін. Парижге аттандырып, жадымда мәңгілікке ұмытылмас жарқын сәттерді сыйлағаны үшін, өзімнің сүйікті KMF компаниясына шексіз алғыс айтамын! Мен осындай компанияда қызмет ететіндігімді мақтан тұтамын! Рахмет!»

Артқа қайту