Петропавловск қаласында филиалдың ашылуы
23 мамырдың сағат 11.00 де Петрпавловск қаласында KMF-тің Солтүстік Қазақстан филиалының салтанатты ашылуы болды. Осы қуанышқа ортақтаса келген жергілікті банктердің және іскер қауымдастықтың өкілдері, серіктестер, клиенттер, БАҚ және қоғамдық ұйымдардың өкілдері ізгі тілектерін білдірді.
KMF-тің Басқарма Төрағасы Жүсіпов Шалқар Аманқосұлы салтанатты шараны құттықтау сөзімен ашты. Құттықтаулары мен жылы тілектерімен келген: СҚО Ұлттық банк директоры Қажырахымов Жомарт Оралұлы, «Севказэнерго» АҚ Басқарма Төрағасы Көпенов Еділ Құдайбергенұлы, СҚО бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Кукушкина Нелли Филипповна, Петропавл қаласындағы Центр Кредит Банкі филиалының директоры Шәріпов Руслан Маратұлы, СҚО бойынша Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы хатшылығының өкілі Исмаилова Раушан Ермекқызы және басқа да тіліктестеріміз жүрекжарды лебіздерімен бөлісті.
Балалар күні қарсаңында филиал ашқан KMF ШНҰ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған облыстық мектеп интернат балаларының Республикалық спорттық жарыстарға баруларына демеушілік көрсетті. Салтанатқа арнайы келген мектеп-интернат директоры Қақпенов Ризабек Жазитұлы құттықтау сөзі барысында KMF демеушілігімен интернаттың 35 тәрбиеленушісі Қостанай қаласында өтетін спорттық жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болды деп атап өтті. Сол күні несие алған алғашқы 22 клиенті атынан бірнеше клиент алғыстарын білдіре отырып, жаңа филиалдағы несие рәсімдеу барысындағы жылдамдық пен жарасымды ынтымақтары көз қуантқан KMF қызметкерлері тарапынан көрсетілген ізгі, кәсіби әрі сапалы қызметтеріне ризашылықтарын салтанат қонақтарына паш етті.