Алматы қаласы және Алматы облысындағы «KMF» МНҰ қызметкерлерінің арасында футболдан турнир болып өтті

30.07.2014

«KMF» МКҰ – бұл қалай тиімді қызмет атқару керектігін және қалай қызықты демалу керектігін білетін жас әрі белсенді кәсіби мамандардың командасы!!!

Компания ішіндегі корпративті мәдениетті қалыптастыру мақсатында Компания спорттық шараларды өткізу арқылы қызметкерлердің жұмысқа қабілеттілігін және қызметкердің бірлігін арттыру құралының бірі болып табылатындығын түсінеді. Сондықтан, «KMF» МКҰ жыл сайын қол жетімді және көпшілік спорт түрі болып саналатын футбол дамып және танымалдылыққа ие болды.

2014 жылдың 14 маусымында Алматы қаласы және Алматы облысындағы «KMF» МКҰ қызметкерлерінің арасында футболдан ішкі турнир болып өтті.

Турнирде төрт команда жеңіс жалауына таласты - Бас кеңсе командасы, Алматы қаласының «Розыбакиев» филиалы, Алматы қаласының «Қалдаяқов» филиалы және Талдықорған қаласындағы филиал. Барлық командалар өздерінің тамаша ойынын, командалық рухын және өзге команда қатысушыларына деген сыйластықты көрсете алды.

Бірінші турнирде Алматы қаласындағы «Розыбакиев» филиалы мен Бас кеңсе ойыншылары 1:1 есебінде, Алматы қаласының «Қалдаяқов» филиалы мен Талдықорған қаласындағы филиалы 2:0 есебінде ойын көрсетсе, Екінші турда Бас кеңсе мен Талдықорған 2:1 есебінде, Алматы қаласындағы «Розыбакиев» филиалы мен Алматы қаласының «Қалдаяқов» филиалы 4:1 есебінде өнер көрсетті, ал Турнир финалындағы Алматы қаласындағы «Розыбакиев» филиалы командасы мен Бас кеңсе командасы арасындағы бәсекеде Алматы қаласындағы «Розыбакиев» филиалы жеңіске жетті. Жеңіс құтты болсын!

Жанкүйерсіз ойын бола ма? Жігерлендіру шумақтары мен үрмелі және соқпалы аспаптар дыбысы және қол шапалақтауы арқылы ойын желісін қыздыра түсті. Талдықорған қаласындағы филиалдың жанкүйерлер командасының ерекше көзге түскендігін атап өтпеске болмас. Ерекшеленген жарқын жанкүйерлер командасының бірыңғай киімдері, көздің жауын алар бірыңғай қызыл мойын орамалдары және барабандары ерекше көзге түсті! Сондай-ақ, Алматы қаласының «Қалдаяқов» филиалын қолдауға шыққан 10 жасқа толмаған жас черлидершілер бимен және акробатикаларымен жиналған көпшіліктің назарын аудартты.

«KMF» МКҰ жұмыс істеген де демалған да қызықты!!!

Артқа қайту