• KMF
  • Новости
  • KMF-тің несие қоржыны 15 миллиард теңгеден асты

KMF-тің несие қоржыны 15 миллиард теңгеден асты

02.09.2013

Өтіп бара жатқан жаз мезгілінің соңғы айының өзінде «KazMicroFinance» микрокредиттік ұйымының қоржыны шамамен 1 миллиард теңгеге артты. 2013 жылғы 1 қыркүйектегі дерек бойынша компанияның НҚ 15 138 405 374 теңгені құрады.

1 тамыздағы деректермен салыстырғанда несие қоржыны 6,3%-ға, ал жыл басынан бері - 24,3%-ға артты. Қазіргі уақытта «KMF» МКҰ-ны қаржы әріптесі ретінде 85 000 мыңнан астам адам таңдаған. Компания бұрынғысынша топтық кредит беруге, ауыл шаруашылығына, ұсақ және шағын бизнестің кәсіпорындарына қолдау көрсетуге ерекше назар аударады. KMF клиенттеріне жылдам және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін ішкі бизнес-үдерістерін жетілдіреді. Жыл өткен сайын ҚР-ғы ең ірі МКҰ бірінің қызмет көрсетудегі артықшылығына баға беретін қарыз алушылардың саны артуда.

Артқа қайту