• KMF
  • Новости
  • KMF-тің несие қоржыны 14 миллиард теңгеге жетті

KMF-тің несие қоржыны 14 миллиард теңгеге жетті

31.07.2013

2013 жылдың 7 айының ішінде «KazMicroFinance» кәсіпкерлер мен елдің тұрғындарына 1,8 миллиард теңгеден астам сомаға кредиттерді берді. Жылдың басымен салыстырғанда берілген кредиттердің көлемі 13,2%-ға артып және 14 миллиард теңгенің сомасына жетті.

KMF-тің барлық қоржынының ең үлкен көлемі ұсақ және шағын бизнестің кәсіпкерлерін қолдауға тиесілі, яғни барлық берілген кредиттердің 60%-ы. Екінші орынды агробизнестің өкілдеріне арналған кредиттер иеленеді - 23%, ал үшінші орында елдің тұрғындарына арналған тұтынушылық кредиттері – 17%.

- «KMF микрокредиттік ұйымының 16 жылға жуық қызметінің нәтижесі – бұл 180 мыңнан астам қазақстандықтар, олардың көпшілігі біздің қолдауымыздың арқасында өз бизнесін құрды немесе дамытты. Статистика көрсеткендей, кредиттердің 83%-ы кәсіпкерлердің бизнесін дамытуға берілді, бұл компанияның қызметінің басым бағыты болып табылады, ол KMF-тің жалғыз миссиясына – клиенттерімізге сапалы шағын қаржы қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну жолымен олардың әл-ауқатының артуына көмектесуге негізделген» - деп бекітеді Шалқар Жүсіпов - KMF-тің Басқарма Төрағасы.

Артқа қайту