KMF-тің Қостанай филиалы өз шекарасын кеңейтті!
2015 жылдың 22 мамырында Қостанай филиалының үшінші бөлімшесі Федоровка ауылында салтанатты түрде ашылды.
Федоровка бөлімшесіндегі жұмыс барысы аталмыш аудандағы кредиттендіру нарығының кеңейту, шағын бизнес өкілдеріне, сондай-ақ фермерлер мен шаруашылық иелеріне ауылдық жердің тұрғындарына қаржылай қолдау көрсетуге бағытталған. Бүгінгі күні бөлімшенің клиенттер саны 173 адам астам, ал, кредиттік қоржын - 30 120 246 теңге.
Бөлімшенің ашылу рәсіміне жергілікті әкімдік, БАҚ, Қазпошта, Әділет департаменті, ХҚКО және т.б. мекемелер мен екінші деңгейлі банк өкілдері қатысты. Бөлімшенің клиенттері мен қонақтары жаңа бөлімшеге өркендеу, өсу, клиенттер санының артуын тіледі. Жергілікті тұрғындарға жаңа бөлімшенің ашылуы - ол жаңа мүмкіндіктер мен ыңғайлылық туғызып отыр. Енді Федоровка ауданының тұрғындары қала орталығы мен Қарабалық кентіне бармай-ақ, кредит рәсімдеп, қаржы саласы бойынша тегін кеңес алуларына мүмкіндікке ие болып отыр.
Ашылу салтанатында мерекелік қызыл жолақты кесу құқығы бөлімшеге келген алғашқы клиенттерге бұйырды. Ашылу салтанатынан кейін қонақтар мерекелік дастарханға шақырылып, сыйлықтар табысталды.
Бөлімшеге өркендеу табыс тілейміз!
Жаңа бөлімшенің мекенжайы: Федоровка ауылы, Мелихова көшесі, 54. Тел.: 8-71442-22-8-22