KMF және KMF-Демеу Enactus халықаралық жастар кәсіпкерлік мектебін қолдады.

16.09.2024

KMF және KMF-Демеу 2018 жылдан бастап Enactus халықаралық жастар кәсіпкерлік мектебінің алтын демеушісі ретінде әрекет етеді.



KMF және KMF-Демеу 2018 жылдан бастап Enactus халықаралық жастар кәсіпкерлік мектебінің алтын демеушісі ретінде әрекет етеді.

Enactus Kazakhstan – бұл кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық саласында жастарды қарқында оқытатын халықаралық коммерциялық емес ұйым.

Enactus студенттері адамдардың өмірін жақсартатын әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асырады. Enactus серіктестері – оқытушылар мен бизнесмендер студенттерді бағыттап, командалардың тәлімгерлері болуда. Студенттер жыл сайын өтетін жарыстарда өздерінің жобаларымен таныстырады, оларды бизнес басшылары бағалайды.

Үздік команда чемпион АҚШ-тағы халықаралық Кубокқа қатысуға құқық алады.

2019 жылдың 22-23 сәуірінде студенттік кәсіпкерліктің, стартаптардың және инновациялардың Ұлттық Кубогы болып өтті. Елдің 56 ЖОО студенттері және 125 команда Ұлттық кубокқа қатысты. Сондай-ақ студенттер үшін халықтың қаржылық сауаттылығын жоғарылату бойынша АХҚО Бюросынан арнайы байқау ұйымдастырылды. Студенттер әділқазы алқасына өздерінің жобаларын ұсынды, олардың арасында жастардың қаржылық сауаттылығын жоғарылатуға бағытталған қызықты үстел ойындары да бар. Жеңімпаздар АҚШ, Сан Хосе қ. Enactus Дүниежүзілік кубогына барады.

Бұл бағыт бізді қызықтырып отыр, өйткені біздің жас кәсіпкерлерді қолдап келе жатқанымыз бұл бірінші рет емес және біз ересек кәсіпкерлердің, балалардың, көзі нашар көретін адамдардың, сондай-ақ қажырлы, алға қойған мақсатына ұмтылатын жастардың қаржылық сауаттылығын жоғарылатуға мүдделіміз. 2019 жыл жастар жылы деп жарияланғандығы да есімізде, демек, біз де әрі қарай дамуға қомақты үлес қосқымыз келеді, біз студенттерді өз идеяларынан қорықпауға және идеядан әрекетке көшуге шақырамыз.



Артқа қайту