• KMF
  • Новости
  • KMF қымбатты достарға құнды жүлделер табыс етеді!
KMF қымбатты достарға құнды жүлделер табыс етеді!

KMF қымбатты достарға құнды жүлделер табыс етеді!

02.10.2023
KMF топтық микроқаржыландыруға қатысушы клиенттеріне бағалы сыйлықтар мен жағымды бонустар сыйлайды.
KMF топтық микроқаржыландыруға қатысушы клиенттеріне бағалы сыйлықтар мен жағымды бонустар сыйлайды. Науқанға қатысу үшін бар болғаны досыңызды ерте келесіз. Айта кетейік, KMF Қазақстанда алғаш болып топтық микроқаржыландыруды іске қосқан компаниялардың бірі, оның атауы - KMF-Достар. Кәсіпкерлер топта бірігіп, бизнесті дамытуға қаржы алады және бір-бірі үшін кепілгер болады. Бизнес саласында бұл өнімге деген қызығушылықтың артқанын байқаған компаниядағылар клиенттеріне қуаныш сыйлау мақсатында «KMF-Достар» науқанын іске қосты. Жеңімпаздарға 150 дана Smart теледидар табыс етіледі.
- Топтық микроқаржыландыру - бұл тек несие беру емес. Біз бұл бағытта көптеген жылдар бойы жұмыс істеп келеміз және достар мен серіктестердің өз істерін дамытып, табысқа жетіп, бір-бірін одан әрі өсуге ынталандырып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұған дейін біз бұл өнімнің шарттарын жақсартып, тартымды ете түстік. Сондай-ақ, мұндай достық ынталандыруға лайық деп шешіп, құнды жүлделер ұтып алуға болатын науқанды іске қостық, ол KMF-Достар қатысушыларын қуантады деген сенімдеміз, - дейді KMF басқарма төрағасының орынбасары Қарлығаш Райханова.
Науқанға қатысу үшін бұрыннан бар топқа жаңа қатысушыны әкелу керек немесе мүшелер саны үш адамнан жоғары болатын жаңа топ құру қажет. Ұтыс ойынына 2023 жылдың 2-қазаны мен 2-желтоқсаны аралығында белгілі бір сомаға микрокредит рәсімдегендер қатысады. Ал жеңімпаздар 7 желтоқсанда Instagram желісіндегі @kmf.kz парақшасында, тікелей эфирде, кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталады. Мұнымен KMF-тің тосын сыйы бітпейді.
- KMF клиенттерінің басым бөлігі – әйелдер. Олар бизнесті, үй шаруасы мен бала тәрбиесін шебер үйлестіреді, сондықтан негізгі жүлделерден бөлек, біз кәсіпкерлік мақсаттарға қаржы алатын клиенттерге серіктестеріміз – Дәрігер Онлайн сервисіне жартыжылдық отбасылық жазылымды сыйға тартайық деп шештік. Ол терапевт, педиатр және басқа да мамандардан қашықтан, тегін кеңес алу мүмкіндігін береді. Бұл қызмет әсіресе өңірлердегі тұрғындар арасында өзекті болмақ, олар бұл сервистің арқасында сапалы медициналық көмекті жылдам алатын болады. KMF өз клиенттеріне жан-жақты қамқорлық жасауға басымдық береді, сондықтан біз сыйлықтар тарту етіп қана қоймай, олардың өмірін жақсартуға да барымызды саламыз, - дейді Қ.Райханова.
Медициналық сервиске 750 мыңнан жоғары сомаға микрокредит алған 4 мыңнан аса әйел жазыла алады. Науқанға қатысу шарттары туралы толығырақ kmf.kz сайтынан немесе 7474 номерінен білуге болады.
KMF — Қазақстандағы ірі микроқаржы ұйымы. Нарықта 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Микро, шағын және орта кәсіпкерлікке қаржы қызметтерін ұсынады. KMF-тің Қазақстан бойынша 15 филиалы мен 120 бөлімшесі бар.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің микроқаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға берген № 02.21.0003.M лицензиясы
Артқа қайту