• KMF
  • Новости
  • KMF БҰҰ-НЫҢ жалпыға ортақ келісіміне қосылды

KMF БҰҰ-НЫҢ жалпыға ортақ келісіміне қосылды

19.03.2025

Алматы қ., 19.03.2025 ж. – Қазақстандағы ең ірі микроқаржылық ұйым – «KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Жалпыға ортақ келісіміне (UN Global Compact) қосылғанын жариялайды. Бұл – корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік пен тұрақты дамуды ілгерілетудегі әлемдегі ең ауқымды бастамалардың бірі.

БҰҰ-ның Жалпыға ортақ келісімі аясында KMF адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларын қамтитын 10 негізгі қағидатты ұстану міндеттемесін алады.

Бұл қадам компанияның ESG бастамаларын дамытуға және өз стратегиясы мен операциялық қызметінде халықаралық стандарттарды ескеруге ұмтылысын көрсетеді.

KMF қаржылық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту, кәсіпкерлерді қолдау, қаржылық сауаттылықты арттыру және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру бағыттарында өз жұмысын жалғастырады.

 «Біз БҰҰ-ның Жалпыға ортақ келісіміне қосылу мәселесіне жан-жақты талдау жасап, компания қызметінің ESG қағидаттарына сәйкес келетінін анықтадық. KMF әрдайым ашықтыққа, әлеуметтік жауапкершілікке және тұрақты дамуға басымдық беріп келеді. Бұл бастама бізге жаңа тәжірибелер енгізуге, қолданыстағы жобаларды ауқымдауға және кәсіпкерлікті дамытуға одан әрі үлес қосуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті «KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Артқа қайту