KMF қосымшасындағы жаңа функция: кредитті қайта құрылымдауға өтініш беру
Елімізде ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты 2020 жылдың 20 наурызынан бастап KMF МҚҰ қосымшасында барлық қарыз алушылар үшін кредитке қызмет көрсету шарттарын қайта қарауға өтініш беру мүмкіндігі пайда болды.
Елімізде ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты 2020 жылдың 20 наурызынан бастап KMF МҚҰ қосымшасында барлық қарыз алушылар үшін кредитке қызмет көрсету шарттарын қайта қарауға өтініш беру мүмкіндігі пайда болды.
Қосымшада онлайн өтініш бергеннен кейін өтінішті мақұлдаған жағдайда кеңсеге бір рет келіп, негізгі шарттың қосымша келісіміне қол қою қажет.
KMF-те кредитті қайта құрылымдауға өтініш беру бойынша нұсқаулық
1. Егер Сіз әлі «KMF МҚҰ» қосымшасын орнатпасаңыз, android үшін https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.kmf.app сілтемесі арқылы жүктеп алыңыз.
2. Тіркеуден өтіңіз немесе бұған дейін тіркелген болсаңыз, телефон нөміріңізді және құпиясөзді теріп, қосымшаға кіріңіз.
3. Басты бетте сіздің кредитіңіз (кредиттеріңіз) көрсетіледі, «Кредит туралы ақпарат» бөліміне өту үшін кредит жолын басыңыз.
4. «Кредит туралы ақпарат» бөлімінің оң жақ жоғарғы бұрышында «Қайта құрылымдау» жолын таңдаңыз.
5. «Қайта құрылымдау» бөлімінде тізімдегі опциялардың біреуін не бірнешеуін таңдаңыз:
· қарыздың әрекеттегі мерзімін өзгерту;
· ай сайынғы төлемді уақытша азайту;
· қарыз бойынша кезекті төлемдердің мерзімін уақытша ұзарту.
Өтініш беру себебін көрсетіңіз, мысалы «Алматы қ. немесе Нұр-Сұлтан қ. карантин енгізуге байланысты», содан кейін «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
6. Өтінішті бергеннен кейін кредиттік сарапшыңыздан қоңырау күтіңіз.
Өз смартфоныңызға KMF қосымшасын орнатып, бөлімшеге бармай-ақ кредиттік тарихыңыз туралы ақпаратқа қол жеткізіңіз. Қосымшада кредитке өтінім қалдыруға, «менің карталарым» қосымша бетінде төлем картаның деректемелерін бір рет енгізіп, кредит бойынша кезекті төлемді енгізуге болады.