KMF 2024 жылдың Жылдық есебін жариялады
"KMF (КМФ) микроқаржы ұйымы" АҚ жылдық есебін жариялады, ондағы тұрақты даму туралы бөлім алғаш рет GRI (Global Reporting Initiative) халықаралық қаржылық емес есептілік стандарттарына сәйкес дайындалды. Есеп Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің талаптарын, сондай-ақ Қазақстан қор биржасының (KASE) ережелерін ескере отырып жасалды.
Жылдық есеп біздің даму динамикамыз бен жетістіктерімізді көрсетеді. Біз есепті кезеңді тұрақты қаржылық нәтижелермен аяқтап отырмыз. Активтердің баланстық құны 16,6%-ға өсіп, 336,3 миллиард теңгені құрады. Несие портфелі 270,0 миллиард теңгеге жетіп, меншікті капитал 62,7 миллиард теңгеге артты. KMF дәстүрлі түрде байыпты стратегия мен бизнеске жауапкершілікпен қарау арқылы тұрақты өсімді көрсетуде. Таза пайыздық табыс 2,5%-ға өсіп, 58,2 миллиард теңгені құрады, ал таза пайда 11,0 миллиард теңгеге жетті. Біз тиімді рентабельділік көрсеткіштерін сақтап отырмыз: активтердің табыстылығы 3,5%, ал меншікті капиталдың рентабельділігі 19,1% құрайды.
Жылдың маңызды оқиғаларының қатарында – Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) 50 миллион АҚШ долларына займ беру туралы келісім жасасу, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінен (ЕҚҚДБ) әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 25 миллион АҚШ долларына қаржыландыру алу, KASE-де 20 миллиард теңге сомасына облигациялар шығару және «Қазпошта» АҚ-мен стратегиялық серіктестік туралы келісім жасасу бар.
Сенімнің жаңа сатысы. 2024 жыл KMF-тің екінші деңгейлі банкке айналу процесінің бастауы болды. 30 мамырда ұйымдастырушылық-құқықтық нысан акционерлік қоғамға ауыстырылды, ал тамыз айында Жалпы акционерлер жиналысы болашақ банктің Жарғысын және бизнес-жоспарын Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған рәсімдер шеңберінде бекітті. 2025 жылғы наурызда ҚНРДА-дан банкке трансформация жасауға рұқсат алынды. Мұның барлығы – клиенттеріміз үшін мүмкіндіктерді кеңейту жолындағы маңызды қадамдар.
2024 жылғы Жылдық есептің толық мәтінін KMF-тің ресми сайтынан көруге болады.
*Есепте қолданылған барлық суреттер — компания қызметкерлері, клиенттері мен Компанияның күнделікті жұмысы бейнеленген шынайы кадрлар. Бұл бейнелер KMF-тің шынайы өмірін және біздің миссиямыз — клиенттеріміздің өркендеуі үшін ең үздік микроқаржыландыруды ұсынатынымызды көрсетеді.