• KMF
  • Новости
  • KMF микрокредиттері бойынша өсімақы мөлшерін азайту
KMF микрокредиттері бойынша өсімақы мөлшерін азайту

KMF микрокредиттері бойынша өсімақы мөлшерін азайту

14.10.2021
KMF барлық қолданыстағы микрокредит беру туралы шарттарға жақсарту талаптарын біржақты тәртіпте қолданды.

Құрметті KMF клиенттері,

2021 жылғы «1» қазаннан бастап күшіне енген заңнамадағы өзгерістерге сәйкес KMF барлық қолданыстағы микрокредит беру туралы шарттарға жақсарту талаптарын біржақты тәртіпте қолданды: 2021 жылғы «1» қазаннан бастап өсімақы мөлшерлемесі негізгі борыш сомасының 0,5 % дейін және/немесе жеңілдік кезеңінде мерзімі өткен төлемнің 0,5% дейін (егер шарт кестесінде жеңілдік кезеңі қарастырылған болса) азайтылды және мерзімі өткен әрбір жыл үшін микрокредит сомасының 10 % артық есептелмейді.  

Бұл ретте осы жақсартуға байланысты қолданыстағы микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісім жасау талап етілмейді, барлық қажетті есептеулерді KMF өзі жүргізеді. Шартыңыз бойынша берешекті өтеу мерзімін өткізіп алсаңыз, сіз есептелген тұрақсыздық айыбының мөлшерін өзіңіздің кредиттік сарапшыңыздан нақтылай аласыз.  

Бұл өзгеріс қолданылу мерзімі 2021 жылғы «1» қазанға дейін аяқталған шарттарға, сонымен қатар сот тәртібінде немесе атқару өндірісі тәртібінде мерзімі өткен берешекті өндіріп алу жүріп жатқан шарттарға қатысты қолданылмайтынын назарға алуды сұраймыз.

Артқа қайту