KMF медициналық қызметтерге қорғаныс комбинезондарын сатып алуға 10 млн. теңге бөлді

30.04.2020

KMF Қазақстанның медициналық қызметтеріне 1200 қорғаныс комбинезонын және респиратор сатып алу үшін қаржы бөлді.

KMF микроқаржылық ұйымы Қазақстанның медициналық қызметтеріне 1200 қорғаныс комбинезонын және респиратор сатып алу үшін қаржы бөлді.

Короновирус инфекциясымен күрес кезінде медицина қызметкерлерінің қорғанысын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Қызыл Жарты ай қоғамы 1200 қорғаныс комбинезонын және респиратор сатып алды. Оның 600 костюмі және респираторы Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына табыс етілді, 30 данасы COVID-19 жұқтырған науқастар емделіп жатқан «Қазақстан» шипажайына берілді.

«Күн сайын біздің қауіпсіздігіміз бен денсаулығымыз үшін күресіп жатқан медицина мекемелерінің қызметкерлеріне көмек көрсеткені үшін KMF микроқаржылық ұйымына және «KMF-Демеу» қорына Қазақстан Қызыл Жарты ай қоғамының атынан алғысымызды білдіреміз. COVID-19 короновирусымен күресте алғы шепте жүрген медицина қызметкерлерін қорғауды қамтамасыз ету арқылы біздің ұйым жалпы игі іске қолдан келгенше үлес қосуда. Қазір баршамызға өте қиын уақытта азғантай көмектің өзі адам бойында ізгілікті оятады, басқа түскен сынды бірге жеңіп шығуға көмектеседі», - деді Еркебек Арғымбаев, Қазақстан Қызыл Жарты ай қоғамының президенті.

Артқа қайту