• KMF
  • Новости
  • «KMF» МҚҰ жалпы көлемі 10 млрд теңге болатын купондық облигациялар орналастырды
«KMF» МҚҰ жалпы көлемі 10 млрд теңге болатын купондық облигациялар орналастырды

«KMF» МҚҰ жалпы көлемі 10 млрд теңге болатын купондық облигациялар орналастырды

22.06.2023
2023 жылғы 21 маусымда «KMF (ҚМФ)» микроқаржылық ұйымы» ЖШС (бұдан әрі - «KMF») купондық облигациялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда-саттық алаңында жылдық 20,00% өтеуге орташа алынған кірістілікпен жалпы 10 млрд теңге көлемінде жоспарлы түрде сәтті орналастырылды.

2023 жылғы 21 маусымда «KMF (ҚМФ)» микроқаржылық ұйымы» ЖШС (бұдан әрі - «KMF») купондық облигациялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда-саттық алаңында жылдық 20,00% өтеуге орташа алынған кірістілікпен жалпы 10 млрд теңге көлемінде жоспарлы түрде сәтті орналастырылды.

KMF, эмитент ретінде, нарық қатысушыларының назарын өзінің бағалы қағаздарына тағы бір рет аудартты, осыған орай аукцион қорытындысы бойынша инвесторлар тарапынан сұраныс ұсыныстан асып түсті. Нәтижесінде орналастыру сомасы 10 млрд теңгені, ал қанағаттандырылған өтінімдердің жалпы саны 38-ді құрады. 


Бағалы қағаздар KMF облигацияларының үшінші шығарылымы шеңберінде орналастырылды, айналыс мерзімі 12 ай.  Сауда-саттық қорытындысы бойынша сұраныс пен ұсыныстың жалпы ара қатысы 155,8% құрады, бұл эмитент ретінде KMF-ке сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді. Инвесторлардың қатарында заңды тұлғалар мен бөлшек инвесторлар бар. 

Облигацияларды орналастыру нәтижесінде тартылған сома KMF-ке маңызды әлеуметтік мәні бар жобаларды қорландыру көздерін әртараптандыруға мүмкіндік береді. Жүзеге асырылатын жобалар экономиканың әртүрлі секторын дамытуға, халықты жұмыспен қамтуға және әл-ауқатын арттыруға, жұмыс орындарын ұлғайтуға, тиісінше бюджетке салық аударымдарының өсуіне тікелей әсер етеді. 


BCC Invest компаниясы сауда-саттықты ұйымдастырушы және андеррайтер болды. Ол жергілікті бағалы қағаздар нарығында үздік қаржы кеңесшісі деген мәртебені растады.

 

АНЫҚТАМА:

KMF – Қазақстандағы ірі МҚҰ бірі, нарықта 25 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 15 филиалы және 17 бөлімшесі бар. Бүгінде KMF 257 мыңнан астам клиентке қызмет көрсетеді. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша компания активтері 242,97 млрд теңгені, меншікті капитал 55,5 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың бірінші тоқсанында KMF-тің таза пайдасы 3,01 млрд теңгеден асты. KMF акционерлері: 45,4% мажоритарлық үлесі бар «KMF-Демеу» корпоративтік қоры (Қазақстан), сонымен қатар халықаралық қорлар: MultiConcept Fund Management, responsAbility SICAV (Lux), Legal Owner Triodos Funds B. V., TRIODOS SICAV II.

«BCC Invest» АҚ нарықта 1998 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінгі таңда BCC Invest инвестициялық-банктік қызметтердің толық кешенін көрсететін Қазақстандағы жетекші инвестициялық банктердің бірі болып саналады. BCC Invest-тің жалғыз акционері – «Банк ЦентрКредит» АҚ активтер бойынша Қазақстанның үздік 3 банк қатарына кіреді. Компания 60 млн АҚШ доллары көлеміндегі аса ірі инвестициялық пай қорын басқарады. BCC Invest бірнеше жыл бойы Қазақстанның ішкі нарығындағы қаржы кеңесшілері мен андеррайтерлер арасында жетекші орындардың бірін иеленеді. «BCC Invest» АҚ Astana International Exchange нұсқасы бойынша Best Corporate Banking Team-2022 марапатына ие болды. Компания 2022 жылы Cbonds нұсқасы бойынша Қазақстан облигацияларын ұйымдастырушылардың рэнкингінде ТОП-3-ке кіреді.

Артқа қайту