kmf.kz сайтында банк картасы арқылы кредитті өтеу мүмкіндігі жүзеге асырылды.

27.07.2017

Бастап қолданыстағы банк картасына ие (кредиттік немесе дебеттік) KMF-тің барлық клиенттері компанияның сайтындағы  https://www.kmf.kz/repayment-of-a-loan-by-a-bank-card/ бөлімінде  кредит бойынша ай сайынғы төлемдерін  бір сәтте өтей алады.

Ол үшін клиенттің банктік картасы интернет төлем жүргізуге белсенді болуы тиіс. Төлем жүргізу үшін өзіңіздің ЖСН және банктік картаның деректерін енгізу қажет болады.  Сайттағы барлық транзакциялар PCI DSS қауіпсіздік хаттамасымен қорғалған.

Өтеу барысында алынатын комиссия  өтеу сомасынан  2,4%  құрайды.

«Біздің клиенттеріміз үшін аталмыш комиссия айтарлықтай үлкен екенін түсінеміз,  дей тұрғанмен бұндай қызметтер,  әдетте осындай жоғары сомаға ие, себебі осы бағдарламаны іске қосу үшін күрделі техникалық  мүмкіндіктерді жүзеге асыру қажет болды. Осы арқылы, біз өз клиенттерімізге  кредитті өтеудің тағы бір мүмкіндігін ұсынып отырмыз, нәтижесінде жобаның өзектілігін бағалап, егер аталмыш қызмет түрі кең қолданысқа ие болса,  серіктестерімізбен комиссияны төмендету тұрғысында келісім жасайтын боламыз», - дейді  KMF-тің кредиттеуді дамыту басқармасының менеджері Оксана Бухтиярова.   

                                                                      

Артқа қайту