KMF компаниясы 800 отбасына азық-түлік топтамасын сатып алуға 4 млн.теңге бөлді

08.04.2020
KMF микроқаржылық ұйымы
және «KMF-Демеу» қоры Қазақстан Қызыл Жарты ай қоғамының көмекке мұқтаж
отбасыларды азық-түлік топтамасымен қамтамасыз ету жөніндегі жобасын
қаржыландырды. 
KMF микроқаржылық ұйымы және «KMF-Демеу» қоры Қазақстан Қызыл Жарты ай қоғамының көмекке мұқтаж отбасыларды азық-түлік топтамасымен қамтамасыз ету жөніндегі жобасын қаржыландырды. Азық-түлік топтамасы ТЖ кезінде карантинге жабылған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы отбасыларға таратылады.

Азық-түлік өнімдерін сатып алуға барлығы 4 млн.теңге бөлінді. 800 азық-түлік топтамасы сатып алынды. Қызыл Жарты ай қоғамының еріктілері азық-түлікті сәуір бойы аз қамтылған көп балалы және толық емес отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жалғыз тұратын адамдарға және қараусыз қалған қарттарға жеткізетін болады.

Қызыл жарты ай қоғамының қызметкерлері көмекке зәру адамдардың тізімін құрастырады, гуманитарлық көмек қабылдайды, азық-түлік топтамасын жинақтайды, көмек алушыларға қоңырау шалады. Содан соң еріктілер мекенжайы көрсетілген топтамаларды көліктерімен мұқтаж жандардың есіктеріне дейін жеткізеді.

Шалқар Жүсіпов, KMF МҚҰ Басқарма Төрағасы: «Біздің компания құрылған сәттен бастап, соның ішінде «KMF-Демеу» корпоративтік қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетіп келеді. Пандемияның азаматтарға және экономикаға кері әсері күннен-күнге артып келе жатқандықтан, қазір және осы жерде көмекке зәру жандар өте көп. Сол себепті біз Қызыл Жарты ай қоғамына қаражат бөлуге шешім қабылдадық. Өз кезегінде бұл ұйым беделі мен тәжірибесінің арқасында көмекті барынша тез жеткізетініне сенімдіміз».
Жобаға еріктілердің 15 көлігі және 30 ерікті тартылды. Олардың барлығы жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етілді: маскалар, қолғаптар және санитайзерлер. Қызыл Жарты ай қоғамының қызметкерлері ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты көмек сұрап жатқан адамдар санының артқанын атап өтті.
Дана Бакиева, Қазақстан Қызыл Жарты ай қоғамының Әлеуметтік көмек департаментінің директоры: «Қызыл Жарты ай қоғамы әрбір көмек алушының атынан «KMF-Демеу» қорына осы қиын-қыстау кезеңде көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіреді. Мұқтаж жандарға жеткізілген әрбір топтама тағы бір күн өмір сүруге мүмкіндік береді. Адамгершілік және қайырымдылық – қазіргі таңда адамдар үшін басты ұғымдар. Қазір барлығына қиын, бірақ біз бірлесіп, ең алдымен көмекке аса зәру жандарға көмектесуіміз қажет!».
Артқа қайту