- KMF •
- Жаңалықтар •
-
KMF ЕҚДБ-дан марапат алды
04.11.2020
KMF ЕҚДБ-дан марапат алды
KMF 2020 жылы «Бизнестегі арулар» жобасының үшінші траншын жүзеге асырып, тұрақты даму саласындағы елеулі жетістіктері үшін Еуропа қайта құру және даму банкінен (ЕҚДБ) марапат алды.
Еуропа қайта құру және даму банкі KMF микроқаржылық ұйымының гендерлік және экономикалық интеграция саласында тұрақты даму жобаларын ендіру және жүзеге асырудағы жетістіктерін атап өтті.
Шалқар Жүсіпов, KMF МҚҰ Басқармасының Төрағасы: «Қажырлы еңбегіміз бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесіміздің тарапынан жоғары бағаланғаны қатты қуантады. Біз осы жылдың ішінде Қазақстан халқының негізгі санаттарына белсенді түрде кредит беріп келдік. Олар – пандемия кезінде іскерлік белсенділіктің төмендеуіне байланысты табыссыз қалып, қиын жағдайға тап болған ауыл тұрғындары мен іскер әйелдер».
Қазіргі уақытта «Бизнестегі арулар» жобасынан басқа, KMF кәсіпкер әйелдерді қолдауға бағытталған басқа да жобаларды, соның ішінде ауылдарда Қазақстанның он мыңға жуық шағын кәсіпкерлерін қамтыған қарыз алушыларды қолдау бағдарламасын кеңінен жүзеге асырып жатыр.
KMF-те іскер әйелдерге арналған ең маңызды жобалардың бірі субсидиялау бағдарламасы болды, оған сәйкес кәсіпкер ханымдар екі есе төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен микрокредит ала алады. Бұл субсидиялау бағдарламасы 2020 жылдың соңына дейін жалғасады.
Артқа қайту

Басқа жаңалықтар
KMF Банкте енді валюталық шарттарды тіркеу қызметі қолжетімді
07.07.2026
KMF Банк пен Түркі инвестициялық қоры 10 млн АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру туралы келісімге қол қойды
03.07.2026
KMF Банк пен ЕҚҚДБ Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдауға жалпы сомасы 50 млн долларды құрайтын екі келісімге қол қойды
01.07.2026