- KMF •
- Жаңалықтар •
-
KMF-Card: KMF Банк төлем карталарын іске қосты
10.08.2026
KMF-Card: KMF Банк төлем карталарын іске қосты
Енді KMF Банк клиенттері халықаралық Mastercard төлем жүйесінің KMF-Card цифрлық төлем картасын рәсімдей алады.
Цифрлық картаны банктің мобильді қосымшасы арқылы ашуға болады. Сондай-ақ қосымшада пластик картаны тегін шығаруға тапсырыс беруге мүмкіндік бар.
Рәсімделгеннен кейін цифрлық карта бірден іске қосылып, мобильді қосымшада көрсетіледі. Бұл пластик картаның шығарылуын күтпей-ақ, картаны пайдалануға мүмкіндік береді.
KMF-Card арқылы өз шоттарыңыз арасында ақша аударуға, интернетте сатып алуларды төлеуге және цифрлық төлем картасының негізгі мүмкіндіктерін пайдалануға болады. Ал пластик картаны алғаннан кейін банкоматтардан қолма-қол ақша шешіп алуға және POS-терминалдар арқылы төлем жасауға болады.
KMF-Card артықшылықтары:
- картаны мобильді қосымша арқылы ашу және басқару;
- айына 500 000 теңгеге дейін комиссиясыз қолма-қол ақша шешіп алу;
- алғашқы жылы қызмет көрсету - тегін.