- KMF •
- Жаңалықтар •
-
KMF Банк Банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қосылды
KMF Банк Банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қосылды
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ және «KMF Банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) банктің Банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қосылғаны туралы хабарлайды. Енді Банк клиенттері жүйеге қатысушы басқа банктерге ұялы телефон нөмірі арқылы ақша аудара алады.
Бір аударымның ең жоғары сомасы 500 000 теңгені құрайды. Бір жіберуші үшін тәуліктік лимит - 2 млн теңге. Аударым үшін комиссия – 200 теңге (аударым сомасына қарамастан).
Банкаралық мобильді төлемдер жүйесі Ұлттық төлем корпорациясы тарапынан әзірленген және Ұлттық қаржылық инфрақұрылымның құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.
Еске сала кетейік, KMF Банк 2025 жылғы тамызда банктік лицензия алып, сол айда Депозиттерге кепілдік беру қорына қатысушы болды. Қазіргі уақытта Банк депозиттер мен ағымдағы шоттар ашу, кредит беру қызметтерін көрсетеді, сондай-ақ ақша аудару операцияларын жүзеге асырады.